Дәстүрлі 25 шілдеде Исаак Дунаевский мен Владимир Высоцкийдің шығармашылығының жанкүйерлері «Шафердің музей-үйінің» ұлы мәртебелі музыка өріс алатын концерт залында кездеседі.
Профессор, музыкатанушы, топтама жиюшы Н.Г. Шафер өткен ғасырдың 90-жылдары И.О. Дунаевскийдің музыкасын В.С. Высоцкийдің әндерімен біріктірді. Бір қатар себептер бойынша, Мәскеу қаласының Апрельдік үнтаспа зауыты винил күйтабағын шығаруға үлгермеді. Тек 2007 жылы, 10 жыл бұрын, музей екі CD-дискіден тұратын «25 июля» альбомін шығарды.
Тындармандар автормен бірге альбомның мерейтойын атап өтіп, жиырмасыншы ғасырдың әйгілі тұлғаларды еске алды.
Кеште бізге таныс әуендер мен әндер, және де әдеттегідей Н.Г. Шафердің мазмұнды түсініктемелер айтылды.
«Всё творчество Исаака Дунаевского полно неистребимой веры в жизнь. «Чеканный шаг» и пружинистые мускулы - это лишь внешние атрибуты, за которыми мы слышим призыв к духовному мужеству и жизнелюбию», - дейді Наум Григорьевич.
Владимир Высоцкийдің авторлық өлеңін адалдықтың театр деп атаған.
«Все его лучшие песни для жизни! Они - друзья людей. В этих песнях есть то, что может поддержать тебя в трудную минуту, есть неистощимая сила, непоказная нежность и размах души человеческой. А ещё в них есть память. Память пройденных дорог и промчавшихся лет. Наша с вами память», - деп жазды ақын Роберт Рождественский.
Әрқайсымызда өз естелігіміз бар - өз Дунаевский, өз Высоцкий.
Бұл жайлы кездесулерімізде тындармандар әрдайым айтып жүреді, «жүректері жеңілденетін...» сүйікті әндерін айтады.
«25 июля» альбомі міне он жылдай ғаламтор толқынында «дунаевтанушы» мен «высоцкийтанушылардың» жүректерін толқытып, алаңдатады.
Музейде жылдан жылға Канада, АҚШ, Ресейде жаңа достар қосылады.
Демек, «Ән бар болса… - Дунаевский және Высоцкий да бар».
Олардың барлық шығармашылығы – әлемге жолдау. Зейін салып тыңдап, ұғынып оқыңыздар!
Корешкова Т.