Ақын, драматург, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Халықаралық Д. Неру атындағы сыйлық иегері Аманжол Шамкеновтың 90-жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» «Жан айнасы» әдеби-музыкалық композиция дайындалды.
Ақынның «Болашақ туралы арман», «Өмір үшін күрес», «Жан айнасы», «Павлодар», «Ертіс» және т.б. өлеңдері айтылды.
Іс-шараны дайындау барысында ақынның туған-туыстарымен кездесу өтті. Олар «Ұстазым» өлеңдер жинағын; 1960 жылғы «Ұстазым» өлеңі қолжазбасының түпнұсқасын; республикалық радио қорларынан ақынның 87 өлеңнің аудиожазбасын ұсынды. Ақын А. Шамкеновпен 27 композитор бірлескен шығармашылық жасады: Еспаев, Каримбаев, Сейилов, Хамиди, Мухамеджанов, Бочков, Рахмадиев, Тілендиев және басқалар.
Өкінішке орай, күйтабақтарда барлық туындылары жазылмаған. Өлеңдерінің көбі тікелей радиоэфирде айтылып, көптеген жазбалары зым-зия жоқ болып кетуі мүмкін.
Ақынның туыстарының (балалары) арқасында осы жазбалар сақталып, болашақ ұрпаққа ұсынылады.
Алғашқы өлеңі «Ұстазым» бірінші ұстазы, Қызыл Ту Еңбегі орденінің кавалері Нығман Алшиновқа арналған.
«Павел Васильевтың музей-үйі» басшысы З. Мерц тындармандарға 1945 жылғы облыстық ақындар айтысына қызықты тарихи анықтаманы ұсынды: «Среди участников есть молодые поэты, претендующие иметь печатные труды. Аманжол Шамкенов – сборник, рукопись поэмы... Таких всего 20, но с ними никакой работы не ведётся... Надо бы иметь в области представителя из Союза писателей Казахстана».
Аманжол Шамкенов өлеңдерінің басты тақырыбы – адам, оның ойлары, мұраттары. Оның өлеңдерінде адам сезімі табиғи құбылыстармен бірлеседі. Ақын барлық шығармашылығы ізгілік және сұлулыққа шақырады. Барлық поэзиясы «дала өлеңімен өсірілген».
Лежат в степи дороги.
Забудь про медный грош –
И золотых в итоге
Друзей себе найдёшь.
А. Шамкенов
Ақынның әрбір өлең жолында - болмыстың қуанышы және ертеңгі күнге деген сенім.
Корешкова Т.