Қазақстандық баспасөз күндері Павлодар қаласының №№ 17, 35, 40 балабақшаларының ұлдар мен қыздары ертегілерді білуден сайысып көрген.
«Ертегі өтірік болса да, жақсыларға айтар ойы бар».
«Толысқан алма» (№ 35 б/б), «Умка» (№ 40 б/б), «Алтын балықтар» (№ 17 б/б) командалары біршама еңбектенді. Ертегілердің бас кейіпкерлерін білуден сұрақтар әрі қиын, әрі қызықты да болды. Жауаптардың дұрыстылығын Данагөй Василиса мен қазылар алқасы бақылады: М.А. Золотухина - С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінің жетекшісі, Т.С. Корешкова - «Шафердің музей-үйі» КМҚК басшысы, М.Ю. Муканова - № 17 сәбилер бақшасының әдіскері.
Осыдан кейін конкурс қатысушылары сиқырлы әйел Мыстан кемпірдің ертегілердегі қозғалу әдісін меңгеріп көрді.
Табан тірескен сайыста № 35 балабақшасының «Толысқан алма» командасы ұтты, екінші орынды «Алтын балықтар» (17 б/б) және үшінші – «Умка» командасы (40 б/б) иеленді.
Ертегімен әлем өзгереді.
Ата-аналар мен тәрбиешілерге ертегілермен кездесу үшін алғысымыз шексіз.