«Бәрі махаббаттан бастау алады»

«Шафер музей-үйінде» кеңес ақыны, аудармашы, Ленин комсомолы Сыйлығының және КСРО Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты Роберт Рождественскийдің 85-жылдығына орай «Бәрі махаббаттан бастау алады» әдеби-музыкалық кеш ұсынылды.

1967 жылы күйтабақтардың дыбыс жолақтарына жазылған «Я родился нескладным и длинным»; «Стихи о моём имени»; «Необитаемые острова», «Где-то оторопь зноя»; «Королева пляжа»; «Игра в «Замри» және тағы да басқа өлеңдер авторлық орындаудағы аудиожазбалар тыңдалды.

Ақынның ән шығармашылығын А. Флярковский, А. Бабаджанян, М. Фрадкин музыкасына жазылған әндер орындалды.

Көрермендер назарына музейдің кітапхана қорынан «Радиус действия», «Бессонница», «Сын Веры», «Лучшие стихи», «Придёт и к вам любовь» атты ақынның өлеңдер жинағы ұсынылды.

Роберт Иванович Рождественскийдің барлық өлеңдері мазасыз жүрек сезіміне толы. Сүйіктісіне жету жолы – әрқашан қиын жол. Өмір мәнін, бірден-бір және қайталанбайтын бақытты іздеу, өз-өзіне жету жолы.

Роберт Рождественский поэзиясы жас ұрпаққа жақын әрі таныс.

Кеште Сулейменовтер апалы-сіңлілер Р. Рождественскийдің «Концерт» өлеңін өздерінше оқыды. Әскери госпитальдегі балалардың концерті туралы.

Бірнеше жыл қатарынан музей фонотека материалдары бойынша музыкалық жинақтарды ақынның туған жерінде, Алтай өлкесі Косиха ауылында ұсынылған. Сол жерде Р.И. Рождественскийдің туған күнінде оқулар өткізіледі, өлеңдер оқылып, әндер шырқалады.

2017 жылы ақынның қыздары, әншілер Т. Гвардцетели мен А. Маршалдың қатысуымен аймақтық Рождественский оқулары өтті.

Роберт Рождественский біздің заманымызға сіңісіп кетті.

Ол парасатпен өмір сүріп өтті.

Өз сеніміне, өз жақындарына, өз достарына, өз талғамына шынайы берілген болатын.

Ұлтқа бөлінуді жек көретін. Оны осы күнге дейін сүйіп оқиды.

Оның ұлылығы «бұрыңғы» дегеннен ештеңесі жоғында көрінеді.

Ол әлі күнге дейін адамдарға керек.

Ежедневная ссора –

не ссора...

но,

над спелой росой нависая,

вдруг встаёт

ежедневное солнце.

Ошарашивая,

Потрясая,

Ежедневной земли не убудет...

И шепчу я,

охрипнув от песен:

пусть любовь

ежедневною будет,

Ежедневной, как хлеб,

Если есть он.

(Р. Рождественский «Ежедневное чудо»)