2017 жылғы 8 маусымда «Шафердің музей-үйінде Нами Гитиннің ертеректегі туындысы «Вечерний Вальс»-тің 70 жылдығын атап өтті.
Сонау 1947 жылы 16 жастағ Нами Шафер бірегей вальсқа сөзін және музыкасын жазды, осы вальс Павлодар қаласының биалаңдарында бүгінгі күні де ойнатылады.
Автордың фономұрағатында Одесса жазба студияның Самуил Жактың (1964 г.), Қарағанды облысы Агадырь станциясынан Юрий Тишновтың (1973 г.), павлодарлық орындаушылар Андрей Корчевский, Светлана Немолочнова, Гульжан Каирбекованың жазбалары сақталады.
«Мерказ» еврей этномәдени қоғамдастықтың жылдығына «Тейбелах» вокал тобы да (Светлана Миненконың басшылығымен) концерттік бағдарламада Н.Г. Шафердің туындысын орындады.
2007 жылы вальстің 60 жылдығына Санкт-Петербург қаласындағы «Композитор» баспасында эстрадалық-симфониялық оркестрге Анатолий Оноприенконың дайындауында партитура шықты.
2005 жылы Павлодар қаласындағы А.Ф. Оноприенконың басшылығымен үрмелі аспаптар оркестрдің орындауында «Вечерний вальс» туындысы «Золотистые рассветы» жинағына енген.
Ғаламторда аудиожазбаны орналастырғаннан кейін, оны «Собачий рай» фильмнің қоюшы-режиссері Анна Чернакова (Санкт-Петербург қаласы) байқап қалды. 2013 жылы «Экран»кинокомпаниясында, «Дүниежүзілік ресейлік студия» қолдауымен фильм экранға шықты. Фильмнің эпизодында «Вечерний вальс» толығымен ойнатылды.
1952 жылы «Вечерний вальс» Алма-Атада Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында айтылды. Онда жоғары оқу орындардың көркемөнер қарауы өтті. «Қорытынды конкурсқа сұрыпталған музыкалық туындылардың ішінде композитор Владимир Леонидович Мельцанскийдің асшылығымен студенттік ансамбль орындаған менің «Вечерний вальс» та болды. Конкурстың қазылар алқасын композитор Евгений Григорьевич Брусиловский басқарды. Өз вальсімді түсімде көргендей болдым, қатты толғандым...».
Конкурс туралы, Евгений Брусиловскиймен алғашқы кездесуі туралы барлық естеліктер Н.Г. Шафердің «День Брусиловского» мемуарлы романының тарауларында жарияланды.
Тағы да көп болсын:
Море колышется…
Издали слышится
Песня… Вечерняя песня…
Море колышется…
В мире не сыщется
Дружбы верней и чудесней.
(Н. Шафер).