Балалық шақ бұрышы

Ыстық әрі жарқын жыл мезгілі келді.

«Шафердің музей-үйі» мектеп жанындағы сауықтыру орталықтарының ұлдары мен қыздарына кездесулер маусымын ашады.

Дәстүр бойынша 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Анастасия Цветаеваның музейімен бірлесіп, балаларды Ленпаркіне шақырамыз. Осы саябақ қаламызда 1928 жылдан бері бар.

Саябақтағы жануарлардың кішігірім мүсіндері бір емес ұрпаққа таныс. 1957 жылдан бастап, 60 жыл бойы пілдің баласы да, арыстанның қаншығы да, аю да отбасылық альбомда сақталатын фотографияларда салынған.

Дәл 1957 жылы жазушы Анастасия Цветаева өзінің немересі Рита Трухачёвамен ескі Павлодардың осы бұрышында серуендеуді жақсы көрген. Саябақта серуендеп, Ася әжей өзінің үлкен немересіне көптеген қызықты оқиғаларды айтты.

Ол туралы жаз басталғанда біздің жас тындармадарға айтамыз. Павлодар қаласының №9 гимназия балалары мен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері Анастасияның апасы Марина Цветаеваның шығармашылығынан көп жаңалық пен қызықты оқиғаларды біліп алды. Мәскеу қаласындағы Марина Цветаевамузейімен шығарылған «Каток растаял» ақынның жинағынан балаларға арналған өлеңдерді оқыды.

Осы жинақтың бірқатар өлеңдерін «Балалар өлеңді бейнелейді» акциясына қатысқан №2 балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілерінің жұмыстарымен көрсеттік.

Дәстүрді бұзбай, 1957-1958 жылдары ұлы Андрей Трухачёвтың отбасында Анастасия Цветаева тұрған К. Маркс көшесі, 264 – үйге жаяу серуен жасадық.

«Балалық шақ бұрышы» және ескірмейтін жануарлардың мүсіндеріне жазғы демалыс күндері тағы да көп балалар келіп, әндер айтылып, Анастасия Цветаеваның кіші немересі Ольга Трухачёваның музыка пәнінен оқытушысы Гуляра Шамильевна Чистякова құрастырған «Мы любим петь» жаңа ноталық жинаққа енген Вечяслав Кухаревтің «Летние каникулы» әніндегідей балалардың шат-күлкісі естілетін болады.

Ольга Николаевна Григорьева, Гуляра Шамильевна Чистякова және Вячеслав Александрович Кухарев балаларға жақсы саяхат пен қызықты кездесулерді тіледі.