Дәстүр бойынша Славян жазабалары мен мәдениеті күні «Шафердің музей-үйінде» шәкірттерге арналған оқу конференциясы өтеді.
Славян мәдени орталық жанындағы Анастасия Цветаеваның музейімен бірлесіп, міне бесінші рет Марина және Анастасия Цветаевалардың туындылары ұсынылады.
2017 жылы ақын, суретші, философ Максимилиан Волошиннің 140 жылдығына орай Марина Цветаеваның «Живое о живом» кітабы ұсынылды.
Конференция жұмысында медициналық және педагогикалық колледж, педагогикалық институт шәкірттері мен Павлодар қаласының №2 балалар көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты.
Анастасия Цветаева музейінің басшысы Ольга Григорьева, Славян мәдени орталық басшысының орынбасары Людмила Бевз, педигогикалық институт шәкірті Елена Михайловская және Елена Брулевич хабарламамен шықты.
Лариса Деркунская Новосібір Марина Цветаеваның Үйімен шығарылған Марина Цветаеваны қоршаған ақындардың шығармашылығы туралы кітаптар сериясының тарихын айтып берді.
Колледж шәкірттері Аскарбек Асетов, Виталий Журавлёв, Карина Менгалева М. Волошиннің шығармашылығы бойынша поэтикалық композияны ұсынды.
Сондай-ақ «Моим современникам» циклінен М. Цветаеваның өлеңіне аудиожазбалар ұсынылды.
«Жизнь - бесконечное познанье…» (М. Волошин).
Бесінші мерейлік оқу конференциясында ақынның 125-жылдығына арналған «Дети читают Марину Цветаеву» акциясына қатысқаны үшін Анастасия Цветаеваның музейі атынан жас суретшілер Скиба Софья, Попова Алина, Тулегенова Карина, Хуснатдинова Камила и Захаркин Тимофей көтермелеу сыйлықтарымен марапатталған.
Мне близки небо и земля!..
Туда - за грань, к пределам сказки,
Лучи, и песни, и цветы…
В полях люблю я только краски,
А в людях только бред мечты…
( М. Волошин)
Конференция қатысушыларына Коктебельдегі «Ақын Волошиннің үйі» бойынша виртуалды экскурсия ұсынылды.
Максимилиан Волошин өзіндегі бар жақсылығын бәріне сыйлаған: сөз, ой, үміт, шындық, оптимизм, болашаққа сенім.