Шиллер әндерін Халықтық айтады

Композитор, музыкант, Павлодар Ертіс Өңірінің көптеген хор ұжымдарының ұйымдастырушысы Александр Иванович Шиллердің 95 жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» «Ертіс бойындағы әндер» кеші арналды.

Трактор зауытының әйгілі халықтық хор ардагерлері өздерінің ұстазы, жетекшісі А.И. Шиллер туралы естеліктерімен бөлісті.

Павлодар қаласында «Октябрь» зауытында алғашқы хор ұжымы құрылғанын уақыттан бері 60 жыл өтті. Одан кейін пионер хоры, кәсіби техникалық білім беру жүйесінде «Юность» хоры, Павлодар облысы Успенка ауданының «Қазақ КСРО 30 жыл» атындағы колхоздың «Эренгольд» ансамблі болды.

Александр Ивановичпен құрылған ұжымдар Кеңес Одағының көптеген қалаларында болды. Трактор зауытының хор ұжымы Қазақстанда ең бірінші «халықтық» атағын алды. Әлі күнге дейін хор ардагерлері осы атақты мақтан етеді, концерттер береді, олардың дауыстары аймақтың көптеген мерекелерінде естіледі.

«Казахстанская правда» газетінде: «Песни, исполняемые хором - это подлинно-современный фольклор. Это искусство, которое создаёт народ в эпоху освоения космоса и целины. Хор нашёл свою манеру исполнения, удивительно мягкую, задушевную и лирическую».

Дәл осылай бүгінгі күнге дейін «Иртышская лирическая», «Россия-Казахстан», «Хлеб всему голова» және т.б. көптеген әндер айтылады.

Павлодарлық ақындар Виктор Семерьянов, Вадим Ботовта А.И. Шиллерге көп арнаулары бар.

«Шафердің музей-үйіндегі» кеште 1944 жылғы патефон күйтабағынан Максим Дормидонтович Михайловтың орындауында А.И. Шиллердің жақсы көрген әндерінің бірі «Славное море - священный Байкал» айтылды.

Ушёл большой и верный друг

Осталась песня недопета

Замкнулся жизни славный круг

Словами доброго завета.

Но каждый день встаёт заря

Над обелиском ярко светит

И жизнь прожита не зря

И Бог тебя с любовью встретит

(В. Ботов)

2017 жылғы 28 мамырда сағат 15.00-де «Достық» концерт залында (Торайғыров көшесі, 48) хор ардагерлері А.И. Шиллердің мерейтойы құрметіне концерт береді.

Сарқылмайтын күш, адамның үміті мен жан-тәні ауқымы сияқты өмірге қажеттінің бәрі қамтылған әндер орындалатын болады. Осының бәрін оларға Александр Иванович Шиллер үйретті.

Оның есімі Павлодар Ертіс Өңірінің Энциклопедиясына жазылған, алайда ол туралы, оның шығармашылығы туралы кітап та болу керек еді!