Халықаралық музейлер күні қарсаңында «Музейден музейге» квест-экскурсия қорытындысы шығарылды.
Павлодар қаласының №16 мектептің командасы жеңіске жетті.
Балалар қаламыздың музейлері бойынша қызықты саяхат жасап, бағдарлық парақтардың тапсырмаларына жауап тауып, өлке тарихынан қызықты оқиғаларды ашты.
Жеңімпаздарды «Қаздардың ұшып келуі» - ең бірегей орында марапаттаған.
Павлодар Жағрафия үйінің директоры Александр Вервекин көптеген археологиялық ізденістерді сақтаған ашық аспан астындағы бірегей мұражай туралы айтып берді.
Балалардың бос уақытын қамту және олардың дарындылығын дамыту орталығының «Павлодар дарыны» дипломдарымен Потанин атындағы өлкетану мұражайы, «Багаевтың музей-үйі», Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы, «Павел Васильевтың музей-үйі», Көркемсурет мұражайы, «Шафердің музей-үйі» және Анастасия Цветаеваның музейінің қызметкерлері марапатталған. Олардың әрбіреуінде балаларды оқиғаға толы, қызықты бағдарлама күтті. Осы бағдарлама оқушылар Райымбекова Алуа, Никитина Ольга, Мигунов Иван, Булетаев Ислям, Бородий Михаил, Демидова Светланаға және олардың жетекшісі Назима Жаксыбергеновна Жунусоваға қаладағы саяхат туралы өздерінің фильмін дайындауға көмектесті.
Балалар өздерінің білімдерін музейлік қызметкерлер Шайдуллина Куляш, Майбой Надежда, Мусина Гульнар, Елимбаева Сандугаш, Арынова Эльмира, Корешкова Татьянамен бақылау брифингте растаған.
Ойынның мақсатына жетті:
- жастардың зияткерлік мағыналы бос уақытының жаңа түрлері анықталды;
- тұлғаның патриоттық қасиетін дамытуға көмектесетін оқушылардың ой-өрісі кеңейтілді.
Жазғы демалыс күндері және ЭКСПО-2017 көрмесінің күндері жас туристтер мен өлкетанушыларға әрбір музейде арнайы бағдарлама дайындалған.
Музейге келіңіздер! Бәрі де қызықты болады!