Бір жанұяда өмір сүреміз

Дәстүр бойынша 1 мамыр мерекесінде «Шафердің музей-үйі» қонақтарды қабылдайды. Қазақстан Республикасы Халықтары Ассамблеясының этномәдени қоғамдастықтардың өкілдері дыбыс жолағында сақталған әр жылдарда және әр түрлі халықтардың сирек кездесетін аудиожазбалармен танысады.

Н.Г. Шафердің күйтабақтар топтамасында сөреде халық әуендері, Қазақстанда тұратын халықтардың әндері бейбітшілікте «көршілес» болып тұр.

Биыл біз «Мерказ» еврей мәдени орталықтың өкілдерімен кездестік.

Ежелгі қазақ жерінде еврей халықтарының тарихынан көп оқиғаларды Жанна Яковлевна Паршина айтып берді.

«Тейбелах» вокал тобы (басшысы Светлана Миненко) концерттік бағдарламаны ұсынды, онда Нами Гитиннің туындылары мен «Мой старый патефон» тангосі, сондай-ақ иврит тіліндегі әндер айтылды.

Наум Григорьевич, әдеттегідей, 1942 жылы шығарылған күйтабаққа түсірілген «Пастушок» халық еврей әні – сирек кездесетін жазбамен таңқалдырды.

2003 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым академиясында Н.Г. Шафер және А. Корчевскиймен дайындалған орыс тілінде еврей әндерінің антологиясы – «Свет надежды» жинағы ұсынылды.

Бұқараға бастауыш мектебінің мұғалімі Каменкер туралы Н.Г. Шафердің естелігі болатын осы жинақтан «Весеннее солнышко» әні ұсынылды. Н.Г. Шафердің бастауыш мектебінің мұғалімі Ұлы Отан соғысы алдында Бессарабиядан Кавказға жер аударып жіберді, ал 1943 жылы неміс фашисттерімен атылды.

Халық туралы әндер, кітаптар көпті айтады.

Көп жылдар бойы Н.Г. Шафер Ростова-на-Дону қаласынан жазушы, композитор, баспашы Аркадий Мацановпен әдеби-музыкалық көпірді сақтайды.

Оның шығармалар жинағының 33 томы музейдің кітапханалық қорында елеулі орын алады.

Ростове-на-Дону қаласында шығатын «Ковчег» әдеби көркем-публицистикалық журналда кқптеген павлодарлық ақындар, публицисттер О. Григорьева, Ю. Поминов жарияланады.

Аркадий Константинович Мацанов еврей орталықтың өкілдерімен біздің кездесуіміз туралы білгеннен кейін өзінің музыкалық сыйлығын – өзінің «Моя Израилиада» туындысын беріп жіберді, жиналған қауым осы сыйлықты қуана қабылдады.

Осылай бірлік пен түсіністікте болашақ Қазақстанды жасаймыз.

Отанымызды жарықтандыратын көп күн сәулелері сияқты, Қазақстан жерінде тұратын әр түрлі ұлттар да еліміздің қалыптасуы мен гүлденуіне өз үлесін қосады.