«Доверчивые тетради»

Павлодарлық ақынның мерейтойына әдебиеттанушы Наум Григорьевич Шафер Ольга Григорьеваның поэзиясы туралы «Доверчивые тетради» этюдтер кітабын ұсынды.

Он жыл бұрын 2007 жылы «Звезда Прииртышья» облыстық газет беттерінде «Привкус философии» бірінші этюд жарияланған. Ольга Григорьеваның «Из семи тетрадей» жинағы этюдтерге негіз болды. Осында автор оқырман – досымен сенімді әңгіме жүргізді. Жинақта қоғамдық проблемалар жеке күйзелісте жайылады, ал жеке күйзеліс қоғамдық мәнге ие болады. «Из семи тетрадей» жинағы үшін Ольга Григорьева Марина Цветаева атындағы Халықаралық сыйлық алды.

«Доверчивые тетради» кітабына көркемөнер шеберлігінің ерекшелігі жайлы ойлауды білдіретін этюдтер циклі енген. Олардың арқасында Григорьева Қазақстанның орыс поэзиясында ғана емес, шетелдерде де бекем орын алған.

«... в камерном характере её поэзии, ярко ощущается живое дыхание нашего сложного времени», - деп Н.Г. Шафер «Қысқаша ескертпеде» белгілейді.

Кітап «Шафердің музей-үйінде» өткен кеште ұсынылды.

Ольга Григорьеваның көптеген өлеңдері әнге айналып, «Серебрянные струны» авторлық ән клубының «Живу среди добрых людей» ноталық жинағына енген.

Ольга Григорьеваның шығармашылығын құрметтеушілер ақ тілектерін білдірді.

Дәстүр бойынша ақындар өздерінің мерейтойларына оқырмандарға жаңа жинақтарын сыйлайды. Осындай сыйлықтардың бірі - Ольга Григорьеваның «Никогданеповторенье» таңдаулы өлеңдер жинағы. Жинаққа махаббат, табиғат туралы өлеңдер, шығармашылық пен уақыт, қазіргі және өткен заман туралы ойлаулар туралы өлеңдер енген. Жинақта келесі бөлімдер ұсынылды: «Летом не бывает чисел...», «Ты не заметил, как осень пришла», «Как тихо и печально снег идёт», «Ода апрелю», «Нарушив правила игры...», «Манит по-прежнему ветер странствий...», «Всё, что подбрасывает жизнь», «Иронические», «Мозаика», «И каждому даётся белый лист...», «Цветает». Жинақ оқырмандардың көптігіне арналған.

Кеште, осы жинақтардан басқа Ольга Григорьеваның өлеңіне және Вера Поликарпованың музыкасына жазылған Олеся Скорикованың орындауында (Эльвира Кощуктің өңдеуінде) «Как тихо и печально снег идёт» жаңа әндер ұсынылды.

«Квартира поэта» әнің Константин Симонов орындады.

Композитор Владимир Шевченко (Астана қаласы) Наум Григорьевич Шаферге Ольга Григорьеваның өлеңдеріне жазылған «Пусть окно не гаснет» ноталық жинақты сыйлады.

Ақынның мерейтойына Наталья Слинько мен Ирина Батуринаның орындауындағы бұл ән музыкалық сыйлық болған.

Музыкалық колледж шәкірттері педагог Евгения Борисовна Бережнаяның басшылығымен мерейтой иесіне «Букет песен»: «Белый танец», «Седьмое купе», «Скворцы», «Благодать» сыйлады:

«Гул небесный, шёпот Божий:

Родилось стихотворенье.

Буду этому подарку

Удивляться до конца.

Слово, музыка, картина –

Никогданеповторенье,

Даже если нет творца» (Григорьева О.)

Мерейтой иесіне жаңа туындылар, жарқын әсерлер мен адал талантты құрметтеушілерді тілейміз!