«Шафердің музей-үйінде» авторлық әндердің харекетшіл орындаушысы Константин Симоновтың шығармашылық кеші өтті.
Он жылға жуық К. Симонов музеймен бірге қызмет жасайды, презентациялық музейлік жобаларға қатысады. Музейде өткізілетін көптеген кештерде Константин Симонов павлодарлық ақындар жәнебірге жаңа әндерін ұсынады.
Осы ретте кеште көптеген павлодарлықтардың көңілінен шыққан және «алғашқы рет шыққан» әндер айтылды: «Милые девушки», «Атамекен», «Жан-Ерке», «Ванинский порт» және басқалар.
Шынында да, ән К.И. Симоновқа жұмыстан бос уақытында «тіршілік жасауға» көмектеседі.
2015 және 2016 жылдары Еуразиялық Топ және Қазақстан жазушыларының одағы Симоновтың туындыларын «Страна мастеров: в семье единой» және «Страна мастеров: под флагом ERG» жинақтарына енгізді.
К. Симоновтың орындауында көптеген әндерді әр жылдары магнитофонға Н.Г. Шафер жазған.
Жуырда К. Симоновтың орындауында «Шумит ночной Марсель» өлеңдер жинағы ұсынылатын болады.
Павлодарлық ақын Ольга Григорьеваның 60 жылдық туған күніне орай К. Симонов «Квартира поэта» әнің жазды.