2017 жылғы 12 сәуірде Павлодар қаласының № 17 балалар бақшасының даярлық тобының балалары ғарышта болғандай болды. Олар алдын ала қағаздан кемелерді жасап, Ольга Григорьеваның балаларға арнаған әндер жинағының беттері бойынша кемемен сапар шекті.
Ольга Николаевна балаларға арнағлан әндер жинағының бірін «Данилкин кораблик» деп атап, оны үлкен ұлына арнаған.
Даярлық топтың балалары өлеңдерді оқып, жұмбақтарды шешіп, ынталанды.
Ұлдар мен қыздар алғашқы рет көп бояулы кітапшалар мен оны жазған авторды да бірге көрді.
О.Н. Григорьева өзі балабақшаға барған кездегі өзінің балалық шақтағы бірнеше қызықты оқиғаны айтып берді.
Осы қызықты естеліктер «Зелёная чашка, красные ботинки» жаңа кітабына енді.
Содан кейін барлығымыз бірге Роберт Рождественскийдің өлеңіне жазылған «Город детства» әнін тыңдадық.
Және де, сәтті пайдаланып, Ольга Григорьева кездесуді аяқтай келе, балаларға «аты көрсетілген» қағаз кемелерде өз қолтаңбасын сыйлады.
Балалар авторға денсаулық, шығармашылық пен мейірімділік тіледі.
Балалар оқуды жаңа ғана үйреніп жүр, ал бұл авторда жаңа оқырмандар болатынын білдіреді.