«Шафердің музей-үйі» Ленин кентіндегі Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінде көктемгі демалыс күндері 31, 32, 33 мектеп балаларына нағыз балалар кітабының мерекесін ұйымдастырды.
Кездесуде екі павлодарлық ақын Людмила Бев және Елена Игнатовская өздерінің «О детям и детям» және «В огороде нашей школы»екі жаңа кітапшаларын ұсынды.
Бұл нағыз премьералар күні болған. Л. Бевз өзінің және Жанаталап Нуркеновтың өлеңіне жазылған «Я – первоклассник» әнін, Елена Вайберттің «Платье их чепухи» және Елена Игнатовскаяның «За покупками» әндерін орындады.
Айтпақшы, керік туралы бұл өлең жуырда «Звезда Прииртышья» газетінде «Домовёнок» парақшасында жираияланған. Бұл өлең Людмила Николаевны қызықтырып, сәнқой туралы тамаша қызықты ән туды.Автор Елена Игнатовскаяға да осы ән көңіліне жақты.
Елена Игнатовскаяның «В огороде нашей школы» өлеңдердің жаңа кітапшасы да балаларға қуанышты жаңалық болды. Бұл - Алтай өлкесі Барнаул қаласының баспа үйінде шығарылған ақынның бірінші авторлық кітабы. Автор жас тыңдармандарды өзінің туындыларымен таныстырды.
Кітап және ақындармен кездесу танымал Ганс Христиан Андерсенің туған күнінде – 2 сәуірде өтетін Халықаралық балалар кітабы мерекесі аясында ұйымдастырылды. Биыл осы мерекенің нағыз мерейтойы! Мерекеге - 50 жыл!
Осы күндері славян халықтары тағы бір қызықты мерекені атап өтуде. Ол – үй аруағының оянуы.
Мерекеде жылы әрі қызықты болды. Мектеп, күнделіктер, сыныптастар, ұстаздар мен мектеп директоры туралы өлеңдер көктемгі демалыс күндері балалардың көңілін бұзбады. Олар қонақтарға шабыт, денсаулық және жаңа туындыларды тіледі.
Авторлар №5 кітапханаға жаңа жинақтар сыйлады, ал «Шафердің музей-үйі» «Корней Чуковский разговаривает с детьми» күйтабағынан 1957-1967 жылдардағы бірегей мұрағаттық жазбаларды сыйлады.
Ағымдағы жылдың 31 наурызында балалар жазушысы Корней Иванович Чуйковскийдің 135-жылдығын атап өттік.
Оның туындыларын ересектер де, балалар да біледі!
Кітапты оқу – бұл ғанибет. Көп оқыған - көп біледі! Мерекелік Халықаралық балалар кітабы күннің ұраны - «КІТАППЕН ӨСУ!».
«Чтение – это не только труд, воспитание чувств, развитие фантазии и даже собственной личности, но, прежде всего, и огромное удовольствие» (Халықаралық балалар кітабы күніне әлем балаларына Сергей Махотиннің жолдауынан).
Барлықтарыңыз кітаппен дос болыңыз. Кітап – білім бұлағы.