Наурыз мейрамы қарсаңында «Шафердің музей-үйінде» Павлодар облысының Қазақстан халықтары ассамблеясы Славян мәдени орталықтың «Серебрянные струны» авторлық ән клубының мүшесі Наталья Млынцева өзінің көктемгі көңіл-күймен бөлісті.
Шығармашылық кеште автордың орындауында әндер мен өлеңдер айтылды.
Наталья Юрьевна музей тындармандарымен Анастасия Ивановна Цветаевамен кездесуі туралы естеліктермен, Анастасия Цветаева Музейінің шығармашылық жобасы - «Верую в добро» және «Живу среди добрых людей» әндердің ноталық жинақтарын құруға қатысқаны туралы да айтып берді.
«Сюрприз» вокал тобы Семерьяновтың «Этот город мой» өлеңіне жазылған Млынцеваның әнің оырндады, ал казак жырларының ансамблі тындармандарға Григорьеваның өлеңіне жазылған «Единственный город» әнің сыйлады.
Ақын Рафаэль Мухамеджанов Н. Млынцеваның музыкасына «Любимый город» әнін орындады.
Кеште орындалған әндер мен өлеңдер музейдің жаңа жобасына - «Волшебный родник души» жинақ - CD дискіге енеді.
Кеште автор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Пою мой край родной» өзінің жаңа әндер жинағын ұсынды.
Жинаққа махаббат, достық, бала кезінен бойға сіңдіретін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын рухани құндылықтар жайлы өлеңдер енген.
Бұл - В. Семерьянов, О. Григорьева, Р. Мухамеджанов, Б. Агзамов, Н. Борисовская, З. Чередник, А. Курлени, И. Елефтериади, А. Лукачёв, Ю. Мостовой, В. Нечунаев, Т. Буланова, В. Зиманов, Е. Титаев, А. Твардовский, И. Неустроев, Т. Окольничая, А. Цветаева, К. Лунин, Н. Щепко, Д. Приймактың өлеңдері.
«Песня счастья под солнцем лилась,
Табуны паслись за рекой,
Весть о мире степью неслась,
Собирая людей на той…
Вновь, как прежде поёт домбра
Кружит в вальсе её баян, -
Вместе с ними поёт душа, -
Ах, как музыка хороша!»
(Н. Млынцева)