«Шафердің музей-үйі» концерт-залында ақын Римма Казакованың 85-жылдығына арналған «Римма Казакованың поэтикалық әлемі» әдеби-музыкалық кеш өтті.
Отечество, работа и любовь –
Вот для чего и надобно родиться,
Вот три сосны, в которых - заблудиться
И, отыскавшись, заблудиться вновь.
Римма Казакованың өлеңдерінде тағдыр мен Отан, махаббатты жоғалту және табу, түңілу мен жаңа үміттер тақырыбы әр жастағы оқырмандарға жақын және түсінікті.
Римма Казакованың тағдыры өте әдемі және жарқын. Римма Федоровна 1932 жылы 27 қаңтарда Севастополде әскери отьбасыда туған. Оның шын аты Рэмо. Рэмо – бұл төңкеріс, электрлендіру, әлемдік қазан. Алайда, 20 жаста ол атын Римма деп өзгертті.
Казакованың балалық шағы Белоруссияда, ал мектеп жылдары Ленинградта өтті. Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. Жеті жыл бойы Қиыр Шығыста, Хабаровскта болды. Дәріскер, оқытушы болды, газетте, киностудияда қызмет етті. Осында 1958 жылы «Встретимся на востоке» өлеңдерінің бірінші жинағы жарыққа шықты. 1959 жылы Жазушылар одағына қабылданды. 1964 жылы жоғары әдебиет курсын бітірді.
Рима Казакованың естелігінен: «Когда я была еще юной, мама меня спросила: «Чего ты хочешь от жизни?». Я сказала: «Хочу сама себя кормить, много ездить и встречаться с интересными людьми». Барлық армандары да орындалды. Өмір бойы өзін асырады, көп жерлерді аралады және көпті көрді.
Римма Казакова — 20-дан астам өлеңдер жинағының авторы. Сондай-ақ, жақын және алыс шетелдерінің тілдерінен аудармалармен айналысты.
Римма Казакова «Ненаглядный мой», «Ты меня любишь», «Мадонна», «Отпусти меня, любовь», «Небо детства» және тағы басқа әйгілі әндерге жазылған өлеңдердің авторы ретінде танымал. А. Пахмутова, И. Крутой, О. Фельцман, Г. Гладков, В. Шаинский, А. Зацепин және тағы басқа композиторлармен бірге қызмет етті.
Музейде өткен кеште Римма Казакованың өлеңдеріне жазылған әндер айтылды. Кеш қонақтарына Римма Казакова өзі оқыған «Застава Ильича» кинофильмінен «Мы молоды» өлеңнің бейнежазбасы көрсетілді. 10 өлеңнің бейне- және аудиожазбалары қойылды: Майя Кристалинскаяның орындауында «Ненаглядный мой» (муз. А. Пахмутовтікі), Александр Серовтің орындауында «Ты меня любишь» және «Мадонна» (муз. И.Крутой), Валентина Толкунованың орындауында «Россия» (муз. М. Болотный) және т.б.
Соңғы сұхбаттың біреуінде тілшінің не үшін өмір сүру керек деген сұрағына, Казакова өз өлеңнің үзіндісімен жауап берді: «И мы дышим, поскольку нам дышится, и живем, потому что живем».