ӘН АҚЫНЫ

2017 жылғы 25 қаңтарда Владимир Семёнович Высоцкийдің шығармашылығының табынушылары актер, автор және орындаушының 79-жылдығын атап өтті.

«Шафердің музей-үйінде» «Жазғандай өмір жүрді» көрмесі және «Уақыт пен өзі туралы жырлаған» музыкалық сағат ұсынылды.

Музейдің кітапханалық қорында Высоцкийдің шығармашылығы бойынша көп жинақтар бар. Ол тұлға еді. Ол құбылыс еді. Бүгінде ол күйтабақтарда, магнитофон кассеталарында сақталған өлеңдерде жалғасын табады.

«Лучшие песни Владимира Высоцкого для жизни. Они – друзья», - деп айтқан әйгілі ақын Роберт Рождественский.

«… и, кажется мне, не уйдём мы с гитарой на заслуженный и нежеланный покой…», - деп бір сұхбатында Высоцкийдің өзі айтқан.

Авторлық ән клубы мен ақын, композитор Владимир Высоцкийдің шығармашылығының табынушылары «Я был душой дурного общества» және «Лукоморья больше нет…» (Санкт-Петербург қаласы, 2012 жыл, «Амфора» баспа) кітаптарының жинақтарына музыкалық үстемелерді тыңдады.

Көрмеде ұсынылған бірқатар жинақтарда Наум Григорьевич Шафердің «Музыкальная жизнь» (№№ 20,21, 1989 жыл) журналы және «Театр» ( № 6, 1988 жыл) журналдарындағы басылымдарға сілтемелер бар.

2010 жылғы киев баспасының «30 лет без Высоцкого» жинағында да Н.Г. Шафердің «Исаак Дунаевский и Владимир Высоцкий» («25 ИЮЛЯ» альбомін құру тарихына) мақаласы жарияланған.

«Но сколько песен все бы мы не пели, его нам одного – не заменить» (А. Городницкий).

Марк Цыбульскийдің «Жизнь и путешествия Владимира Высоцкого» кітабында Высоцкий 1958 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Павлодар облысы бойынша гастролі кезінде МХАТ мектеп студиясымен қазақстандық жерге алғашқы рет келгені белгіленеді.

«Сюда он поехал с удовольствием. Он отличался «охотой к перемене мест» и очень хотел показать китайский танец с лентами. Пел куплеты на мотив песни «Чёрное море»».

Одан кейін Владимир Высоцкий Қазақстанда тағы да болды. Бұл оның Шымкентте, Гурьевта, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды, Алма-Аты, Өскемен, Зырьяновск, Лениногорскте сахнаға шыққан кездері еді.

«Шафердің музей-үйі» Шымкентте Высоцкийдің халық музейімен достық байланысты сақтайды.

Жуырда Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінің Динская станицасынан тағы да бір халық музейімен және Воронежтан Высоцкийдің шығармашылығының табынушыларымен байланыс орнатылды.

Владимир Высоцкийдің авторлық әні баяғыдай тыңдармандарды жаулап алады.

Уақыт өте келе, Высоцкийге назар шашырамады. Адамдарға ол ұнайды. Он әлі де ӘН АҚЫНЫ деп санайды.

«Певцы останутся певцами в народном вздохе миллионном» (Андрей Вознесенский)».