Исаак Дунаевскийдің мәңгі жас музыкасы

15 жыл бұрын «Шафердің музей үйінде» дәрістерге, кездесулерге, тұсау кесу рәсімдеріне, ретро музыканың аудио тыңдауына арналған арнайы зал ашылды.

Концерт залдың ашылуы композитор Исаак Осипович Дунаевскийдің туған күнімен ұштастырылды.

Міне 15 жыл бойы музейдің концерт залында «қуаныштың әншісі» – Исаак Дунаевскийдің музыкасы естіледі.

И.О. Дунаевскийдің музыкасымен топтама жиюшысы Н.Г. Шафер де өмір бойы қадамын басып келеді.

Күйтабақтарының бай топтамасында композитордың шығармашылығы бойынша көп бірегей туындылар бар.

Исаак Дунаевский өмірді жырлаған. Оның музыкасы мәңгі айтылады.

Әр жылдарда тындармандардың назарына композитордың туған күнінде және концерт залдың ашылуы күні келесі тақырыптар ұсынылған:

 

2002 ж.

«Нам песня строить и жить помогает» Дунаевскийдің музыкасы кеші.

2003 ж.

1962 жылғы «Мелодии Дунаевского» кинофильмді қарау.

2004 ж.

Павлодарлық музыканттар мен орындаушылар Карл Креймер, Гульжан Каирбекова, Клавдия және Наталья Кузьминскаяның қатысуымен концерт

2005 ж.

Гульжан Каирбекова, Ирина Батуринаның қатысуымен И. Дунаевскийдің туындыларынан концерт

2006 ж.

Музейдің 5-жылдығына орай Светлана Немолочнова, Аскар Кульшарипов, Вера Поликарпованың қатысуымен және «Дунаевский в Кремле» бейнефильмді шолумен концерт

2007 ж.

Концерт залдың 5-жылдығына орай мерекелік концерт

2008 ж.

Исаак Дунаевскийдің музыкасымен 1937 жылғы «Концерт Бетховена» кинофильмді қарау

2009 ж.

«Крылатая защита» кинофильмді қарау

2010 ж.

Композитордың 110-жылдығына орай «Когда в наше сердце приходит любовь» дискінің тұсау кесері. Фортепиан туындылары.

2011 ж.

И.О. Дунаевскийдің «Женихи» және «Ножи» ерте оперетталарды қарау.

2012 ж.

Концерт залдың 10-жылдығына орай «Избранные страницы советской музыки: И. Дунаевский» кинофильмді қарау

2013 ж.

Композитордың туған күніне «Вольнолюбивая музыка сложного времени». Сергей Урсуляктің «Вольный ветер» фильмін көрсету.

2014 ж.

Ұлы музыканың шетел орындаушылардың аудиконцерті

2015 ж.

Комопзитордың 115-жылдығына орай «Дунаевский в Павлодаре» дискінің тұсау кесері

2016 ж.

Чехов атындағы Павлодар драма театрында «Исаак Дунаевский в гостях у Михаила Булгакова» концертінің бейнежазбасы

 

Апта сайын жұма күндері сағат 18.00-де музей концерт залында классикалық және ретро музыканың әуесқойларын қабылдайды. Музыка патефонмен ойнатылады, музыкатанушы Н.Г. Шафердің күйтабақтар, композиторлар, орындаушылар туралы ғажайып естеліктері айтылады.

15 жылдың ішінде «Шафердің музей – үйі» қаламыздың қонақтары мен тұрғындарына 615 ұмытылмас «жұма» сыйлаған.

Жер шарының көптеген түкпірінен қаншама қонактар, достар музыкалық асыл қазынасынан «қазыналармен» рақаттанды.

Алдымыздағы жұма күні концерт залдың 15-жылдығына Наум Григорьевич Мәскеу қаласындағы Колонна залында 1953 жылғы 18 желтоқсанда Исаак Дунаевский концертінің сирек кездесетін аудиожазбалары ұсынылады. Дирижерлік пультта маэстроның өзі.

Ұлы композитор Исаак Дунаевскийдің әйгілі шығармашылық даралығы бізді қуантып, жаңа жобаларға, ауқымды істерге шабыттандырады.

«Всё творчество композитора полно неистребимой веры в жизнь. «Чеканный шаг» и пружинистые мускулы» - это лишь внешние атрибуты, за которыми мы слышим призыв к духовному мужеству и жизнелюбию.

Дунаевский пришёл к нам с незапятнанными идеалами Добра, Справедливости, Интернационализма.

«...пока жива Песня – жив Дунаевский» (Наум Шафер)

Дәстүрді сақтай отырып, Исаак Дунаевскийдің музыкасы және әндерімен композитордың туған күнін және музейдің концерт залының 15-жылдығын атап өтеміз.

Дунаевскийдің әндерін ескі деп атай алмайсын. Олар әрқашанда жаңа.

«Пусть всегда согревает наши сердца и души вечно молодая музыка И.О. Дунаевского» (Тихон Хренников).