Сиқырлы шамның жанында

Жуырда «Шафердің музей-үйінде» ерекше зат – фильмоскоп қонақта болды. Осы ғажайып сиқырлы шамды көптеген ересектер біледі. Ұзақ қысқы кештерде фильмоскоптың жанында балалар жиналып, ал ересектер оларға кинозалды дайындады: «экранды» іліп, фильмоскопты орнатты. Сосын бәрі сүйікті диафильмдерді таңдап қарады. Біреу фильмоскоптың тұтқасын айналдырып, экранда сүйікті ертегілердің кадрлары шықты, ал біреулер суреттің астындағы жазбаларды оқыды. Бәріне қызық, жылы және жайлы болған. Бұл үлкендерді де кішілерді біріктірді.

Ал № 17 балалар бақшасы мен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» балаларына ерекше сәт түсті. Олар танымал жазушы Анастасия Ивановна Цветаева айналдырған фильмоскопқа қолын тигізді. Осы жазушы осы фильмоскоптың жанында немерелері Рита мен Оля Трухачёваға қызықты оқиғалар айтып отырған. Оляның құрбылары әлі күнге дейін осындай үй отырыстарын ұмытпады.

«Мелодия» күйтабақтар жазбаларының фирмасында арнайы күйтабақтар – диафильмдерге дыбыстық қосымшалары шығарылды. Сонда үйде отырып, нағыз кино жасады. Күйтабақты қосып, диафльмді айналдырып, ал дауыс театр мен киноның танымал әртістері ертегі, әңгімелерді оқыды.

Ғажайып ертегілік сиқырлы шам балаларға «Как аист на Новый год опоздал» ертегісін сыйлады.

Ал, біз жаңа жылды уақытында, бәріміз бірге жабыла қызықпен қарсы аламыз!