Ақынмен кездесу

2017 жылғы қаңтардың бір онкүндігінде ақын, Ресей Жазушылар одағының мүшесі, шешеннгуш этномәдени қоғамдастығының қонағы Зарета Ахильгова Н.Г. Шафердің патефон күйтабақтардың топтамасынан сирек кездесетін жазбалармен танысты.

Дәстүр бойынша музейдің қонақтарына қазақ халық өлеңдерінің бірегей жазбаларын тыңдауға ұсынамыз. Осы ретте қонақтарымызға 1947 жылы шығарылған патефон күйтабағынан «Алқоңыр» және «Япурай» өлеңін орындаған Ришат Абдуллиннің дауысы естіледі.

1939 жылғы жазбада Умар Димаевтің орындауындағы «Ингушская лезгинка» музей қонақтарын селқос қалдырмады. Зарета Хусеновна Ахильгова орындаушы және оның балаларымен кездесу туралы өзінің естеліктерімен бөлісті.

1962 жылғы жазбада «Лила» вокалды трио М. Годзиашвили, К. Макаридзе, А. Обрамидзе орындауындағы «О, милая» грузин халқының әні қонақтарға музыкалық сыйлық болды.

Музыканың шегі жоқ. Халық музыкасы уақыт пен кеңістікте де шексіз. Ол халықтарды, жүрек пен ұрпақтарды біріктіреді.

Зарета Ахильгова поэтикалық жинақтарды және үндеулер кітабында жазбаны естілікке қалдырды: «Ваши образы и души увожу с собой в Ингушетию, а своё сердце оставляю здесь!».