2017 жылғы 13 қаңтарда сағат 18.00-де (жұма) «Шафердің музей-үйі» концерт залында «тарихтың дыбысталатын жылнамасымен» кездесулердің жаңа маусымы ашылады.
Сонымен қатар, осы күні күйтабақтардың бірегей топтамасының негізін қалаушы, құрушы, музыкатанушы, Павлодар облысының Құрметті азаматы Наум Григорьевич Шафердің туған күнін атап өтеміз.
Кездесуде Мәскеу қаласында басылатын, Калининградтан Владивостокқа дейін таралатын «Музыкальный журнал» ұсынылатын болады.
2016 жылғы шілде-тамыз айындаға журнал Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылына орай Қазақстанның музыкалық мәдениетіне арналған.
«Музыкальный меридиан Казахстана» журналының Павлодар облысының музыкалық өмірін айқындайтын бөлімінде «И пусть бежит волшебная иголка, назад по кругу по дорожкам лет» мақаласы ерекше орын алады.
Музейдегі әрбір кездесу – сыйлық. Туған күн иегері Н.Г. Шаферге өз музыкалық кәдесыйларын павлодарлық ақын, музыканттар Ольга Григорьева, Константин Симонов, Арсен Бейсенов, Рафаэль Мухамеджанов сыйлайды.