Қысқы ойындар

Қыс көп эмоция, ғажайыппен жаңа кездесулерді сыйлайды.

Мұз айдыны – кездесулер мекені, рекордтар мекені, әдемі сырғанау мекені.

Міне үшінші жыл Павлодарда Цветаева мұз айдыны дәстүрі бастау алады. Бұл қаланың көптен тұратын тұрғындарының жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдары Орталық стадиондағы мұз айдынында Анастасия Цветаевамен ұмытылмас кездесулер туралы естелігі.

Биыл «Астана» мұз сарайындағы мұз айдыны Славян мәдени орталығының жастары мен олимпиада чемпионы Людмила Прокашеваның конькимен жүгіру спорты бойынша тәрбиеленушілерді жинады.

«Уже двадцать пять кругов подряд

Они летят по синей глади.

Ах, из-под шапки эти пряди!

Ах, исподлобья этот взгляд!»

Бұл Марина Цветаеваның «Конькобежцы» атты Ася мен Борисқа арнау өлеңінің жолдарынан.

Бұрын мұз айдынында «жанды» музыка айтылып, үрмелі оркестр ойнады.

«Шафердің музей-үйі» фонотекасында тізіліміне он тоғызыншы ғасыр соңында Е. Джув «Конькобежцы» па-де-патинер кіретін «Забытые вальсы» күйтабағы да бар.

Бұл туынды Арсен Бейсенов пен Елена Панченконың орындауында «Вечер танцев» музыкалық музейлік жинаққа енген.

Отбасымен мұз айдынында демалыс сияқты игі дәстүрдің жаңғыруымен бірге мұз айдынында үрмелі оркестрдің ойнау дәстүрі туатынына сенгіміз келеді.