Жаңа жылдағы алғашқы кездесу

Жаңа 2017 жылдың бірінші күні «Шафердің музей-үйінде» халықаралық деңгейдегі кездесу өтті. Болгар этно-мәдени қоғамдастығының қонақтары музей фонотекасының сирек кездесетін жазбалармен танысты. Ришат Абдуллиннің дауысы тындармандарға қазақ халық әндерін сыйлады. Болгар халық әндері тамаша жаңа жылдық сый болды. «Орфей» фабрикасында 1927 жылы шығарылған күйтабақтан үрмелі аспаптар оркестріне хор әлі күнге дейін жылдан жылға дәстүр бойынша Болгария Президентінің жаңа жылдық құттықтауынан кейін айтылады.

Болгарлар айтқандай, осы музыка айтылса, жаңа жыл да келді!

Музей қонағы – музыкант, әнші, Халықаралық конкурс лауреаты Светлана Немолочнова қонақтарға Ф. Шопеннің «Желание» туындысын орындады. Жаңа жылда музейдің алғашқы келушілеріне топтама жиюшы Наум Григорьевич Шафер махаббатпен ұсынған күйтабақтардың дыбыстық жолдарымен жүгірген «сиқырлы патефонды ине» тағы да ғажапты «айтып берді».

Осылай Астанада «ЭКСПО-2017» қарсаңында халықаралық кездесулер бастау алды.