Жаңа жыл қарсаңында және музейдің концерт залында жартыжылдық кездесулер маусымының жабылуына «Вечер танцев» музыкалық жинақтың түсау кесері өтеді.
Дәл осылай Нами Гитиннің (Н. Шафердің) 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына жазылған кішігірім моноопера аталады.
Алдында осы туынды еш жерде орындалмаған. Ноталары Н.Г. Шафердің отбасылық мұрағатта сақталды.
Кейіннен осы туындымен танысқан музыканттар би музыкасының концертін дайындауға ұсыныс білдірді.
Е. Панченко және А. Бейсенов би музыкасының әлемінде нағыз ғылыми зерттеу жүргізіп, «Менует» (1772 ж.), «Миньон» (1897 ж.), «Падэспань» (1899 ж.), «Амурские волны» вальсі (1909 ж.), «Цветущий май» фокстрот (1932), румба «Кариока» (1933 г.), «Брызги шампанского» танго (1935ж.) және тағы басқа туындылар енген үлкен концерттік бағдарламаны дайындады.
Домбыра және пернелі аспаптар жиналған қауымды шаттандырып, би алаңдары, кездесулер, ұмытылмас көңіл-күй туралы жарқын естеліктермен жүректерді жаулап алады.
Арсен және Елена концерттік бағдарламаға «Вальс чувств» (А. Бейсенов) және «Звёздный час» (Е. Панченко) авторлық туындыларын да енгізді.
«Вечер танцев» - бұл «Шафердің музей-үйінің» жаңа 2017 жылға музыкалық сыйлығы.
Жаңа жыл тамаша және ешқашан ескірмейтін музыканың дыбыстарына толы болсын!