2016 жылғы маңызды оқиғаның қарсаңында Наум Григорьевич Шафер «Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағына лайықты деп танылды. Оның мәдениетті дамыту және өскелең ұрпақ арасындағы жоғары адамгершілік беталысын ағарту бойынша ұзақ, көп еңбекті талап ететін, миссионерлік еңбегі лайықты бағаланды.
Күйтабақтардың бірегей топтамасы, ғажайып әңгімелері, музыкатанушының шығармашылық биографиясынан оқиғалар музейдің көптеген келушілерін шабыттандырып таңқалдырады.
Н.Г. Шафердің табынушылары оның атақ алуымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтауға асықты.
Мерекелік концертке қатысушы, Павлодар қаласына бірінші рет келген, скрипкашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасы мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер Ордабек Дүйсен өз ілтипатымен қуантты.
Қонақтың Н.Г. Шаферге ықыласы мен құрметпен қарауы бізді қуантты.
Кездесу барысында қонаққа музыкалық сыйлық ретінде Нами Гитиннің (Н. Шафер) 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына жазылған «Вечер танцев» жаңа музыкалық туындысы ұсынылды.