Музыка – аударманы қажет етпейтін бүкіләлемдік тіл. Музыка тілінде «адамдардың жүректері бір-бірімен сөйлеседі».
Көптеген халықтардың белгілі музыкалық аспаптары бар. Сол аспаптардың көмегімен ғасырлар бойы қайталанбас халықтық музыка жасалған.
Қобыз және домбыра – қазақ музыкасының жүрегі. Балалайка және керней орыс халқының жанына жақын аспаптар. Украиндік халық әуендерді бандурасыз елестете алмаймыз. Сырнайдың дыбыстары бізді Белорус Полесьесіне шақырады.
Азербайджандік тар, армяннің сырнайлары, молдав флуер, еврейлердің шафарі және тағы бірқатар халық аспаптары «Шафердің музей-үйі» КМҚК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және алдамыздағы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге орай дайындаған «Халық аспаптардың поэтикасы» жаңа музыкалық жинақта ұсынылды.
Жинақта 1972 жылы «Кругозор» журналының беттерінде жарияланған ежелгі қазақ музыкалық аспаптары тарихынан кішігірім әңгіме де ұсынылды.
Жинаққа 20 туынды енді.
Халықтық музыка халықтың өзіндік ерекшелігін, оның менталитетін айқындайды.
Құрманғазы Сағырбаевтің мәңгілік музыкасы, жарты ғасырдан кейін, 1966 жылғы жазба, Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің орындауында «Сарыарқа» күйі «Халық әуендерінің қорымын» тұйықтайды.
Халық музыкасы уақытпен сыналды, ол «жауынға тән, тамшыдан тамшыға жүрекке тиіп, жандандырады».
«Халық аспаптардың поэтикасы» жинақтың тұсау кесері 2016 жылғы 16 желтоқсанда сағат 18.00-де өтеді.
Барлықтарыңызға тыңдаудан жағымды әсер алуыңызды тілейміз!