Уақыт сәулесі түскен

Ақын Павел Антокольскийдің 120-жылдығына орай Славян мәдениет орталық жанындағы Анастасия Цветаеваның музейінде поэтикалық кеш өтті. Нина Новосельцеваның орындауында ақынның өлеңдері айтылды, Лариса Деркунская Марина Цветаеваның қызы Ариадна Эфрон мен Павел Антокольскийдің хат алмасуынан қызықты фактілерді ұсынды.

Ольга Николаевна Григорьева Анастасия Цветаева музейінің қорларында сақталған, Мәскеу библиографтары Глеб Козимирович және Галина Яковлевна Никитинадан А.И. Цветаеваға сыйлаған, Музейге тапсырылған ақын туралы көп қызықты басылымдарды ұсынды.

1966 және 1972 жылдары Павел Антокольский Анастасия Цветаеваға Павлодардағы мекенжайына хат жазған.

2010 жылы Мәскеу қаласындағы «Марина Цветаеваның музей-үйі» мәдениет орталығында ақынның немересінің мұрағатынан материалдарымен «Далеко это было где-то» кітабы шықты.

«Шафердің музей-үйі» кездесуде «Мелодия» фирмасында 1977 жылы шығарылған күйтабақтағы автордың орындауындағы өлеңдердің бірегей аудиожазбалары ұсынылды.

Ақынның сүйікті музасы – тарих шабыты.

Несётся время, мы его не ищем.

Оно само найдёт нас в нужный миг.

Несётся время, синее, сквозное.

Несёт в охапках солнце и грозу,

Вверху синеет тучами от зноя

И голубеет реками внизу.

(П. Антокольскийдің «Сын» поэмасынан )

Жазбада Поэзия», «Жизнь поэта», «Я рассказал о жизни, как умел», «Петербуржец начала века» өлеңдері айтылды.

Летели дни. Прошли года.

В них слёзы были, кровь и дым:

Я памятью обременён,

Я сверстник мчащихся времён.