Осылай қазақ кеңес композиторының замандастары Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын сипаттайды.
Саусағынан бал тамған домбырашы, композитор, дирижёр, педагог – музыкант талантының көпқырлылығы. Композитордың өмірі мен шығармашылығына «Шафердің музей-үйінде» 2016 жылғы 18 қарашадағы музыкалық кеш арналған.
Нұрғиса Тілендиев – 500-ден аса туындылардың авторы, осы туындылардың көбі нағыз халықтық. Осындай туындыларға танымал ән «Құстар әні» жатады. Еліміздің барлық қазақ халық аспаптары оркестрлерімен орындалатын күйлерімен де танымал. Және де осы оркестрлердің ішінен біреуі ерекшеленеді, осы оркестрдің бастамасында болған. Бұл «Отрар сазы» фольклор – этнографиялық оркестр, бүгінгі күні композитордың атымен аталады. Барлық оркестр ежелгі Отрар қаласында табылған аспаптар бойынша жаңадан шығарылған көне қазақ аспаптарынан тұрады. Осыдан оркестр атауы «Отрар сазы». Н. Тілендиев көп жылдар бойы оркестрдің дирижёрі мен композиторы болды, өзі бұрыннан шығарған күйлерді музыкалық аспапқа я әнге салып орындауға бейімдеп, бірегей аспаптарға жаңа туындыларды шығарды. Олардың ішінде барлығына танымал «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқисса» және т.б. Қазіргі уақытта оркестрдің дирижері - композитордың қызы Динзухра Тілендиева.
Компоизтор қазақ кинематорграфта жарқын із қалдырды. Ол «Қазақфильм» студиясының музыкалық редакциясында бас редактор қызметін атқарды. Осында композиторлық таланты толық ашылды. Ол қазақстандық киносының классигіне айналған суреттердің муызкасының авторы болды. Олар «Менің атым Қожа», «Қыз-Жібек» «Алпамыс мектепке барады», «Даладағы қуғын».
Музейдің концерт залындағы кеште қонақтарға композитор туралы деректі фильмді шолу ұсынылды. Туған-туыстарының естеліктері, сондай-ақ, Н. Тілендиевтің қатысуымен мұрағаттық жазбалары ұсынылды. Осы жазбаларда композитордың өзі өз туындыларын орындаған. Тыңдармандарға фонотека материалдары бойынша күйтабақтағы жазбалар да, «Отрар сазы» оркестрінің орындауында композитордың күйлері ұсынылды.
Н. Тілендиевтің өзі дирижер болғаны естен кетпейді. Жазбалар 1987 жылы «Мелодия» фирмасында жазылды.