Бір экспонат тарихынан

Павлодар облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясының Ұлттық жаңғыру мектебінің орыс сыныбында ерекше саяхат өткізілді – бір уақытта екі музей балалар мен олардың ата-аналарына бағалы экспонаттар туралы айтып берді.

«Шафердің музей-үйі» тыңдармандарды күйтабақтарда сақталған кереметтермен, ал «Павел Васильев музей-үйі» ақынның шығармашылығымен таныстырды.

Кездесудің себебі - «Павел Васильев музей-үйіне» артист Наталья Маева сыйлаған 1948 жылы шығарылған Наталья Кончаловскаяның «Нотная азбука» бірегей экспонат болды. Осы әліппемен балалық шағында Натальяның өзі оқыды.

Наталья Петровна Кончаловскаяның «Дар бесценный», «Кладовая памяти», «Песня, собранная в кулак», «В поисках Вишневского» кітаптары бойынша автордың шығармашылығымен таныстық. «Эдит Пиаф в СССР» күйтабағынан және Павел Васильев туралы естеліктерден аудиожазбада оның дауысын естідік.

Павел Васильевтің өлеңіне жазылған «В наши окна, щурясь, смотрит лето...» әнді де тыңдадық.

Кездесу барысында «Нотная азбука» кітабының беттері фортепиано клавишаларында «жанданып кетті» – «Про кузнеца», «Про форель» балаларға арналған қарапайым музыкалық пьесалар орындалды. Ал орындаушылар тыңдармандардың өздері және педагог Ирина Борисовна Петрова болды.

Кончаловскаяның жазушылық таланты және Павел Васильевтің поэтикалық образдары XXI ғасырдың жас оқырмандарын да қызықтырып таң қалдырады.