«Стихи не имеют границ»

Қазақстандық ақын Бақытжан Канапьяновтың 65-жылдығына орай «Шафердің музей-үйінде» бірнеше іс-шара өткізілді. Төртінші қазанда, ақынның туған күніне 2013 жылы музейге сыйланған ақынның кітаптары ұсынылған «Проступает соль жизни в стихах!» көрмесі дайындалды.

Он сегіз кітап, екі жәрнал және газеттерден тұратын ақынның мол сыйлығы «Шафердің музей-үйінде» лайықты орын алады.

«Триада лирика, проза және философия» әдеби кеш Бақытжан Канапьяновтың шығармашылығына арналған.

Стихи не подвластны преградам,
Стихи не имеют границ.
Фиксирую в памяти взгляда
Метафоры этих страниц.

Кешке келгендер ақынның Көкшетау қаласында туғаны, Бақытжанның балалық және жастық шағы Павлодарда өткені туралы білді. Ол - «Удар вне ринга» повесі мен «За хлебом» әңгімесінде сол уақыттағы өмірі туралы жылы лебізбен еске алатын біздің жерлесіміз.

Бақытжанның ата-анасы – Мұсахан және Күляш Канапьяновтар – ұстаздар. Олар жеке басты үлгімен балаларында ең жақсы адамдық қасиеттерін тәрбиелеген. Бұл өз балаларына ғана қатысты емес, отбасында бес бала еді, оқушыларына да қатысты. Отбасындағы жүректік жағдай болашақ ақынды тәрбиеледі.

Олжас Сүлейменов жазған: «Ритмичный пульс жизни в стихах Бахытжана бьется непринужденно, глубокая внутренняя потребность высказаться рождена мгновениями земного бытия, и надо отметить, что в данном творческом процессе поэт находит свежие образы и краски в раскрытии общечеловеческих тем - Родины, Матери, Любви».

Нәзік лиризм және философиялық мәні бар Бақытжан Канапьяновтың поэзиясы кеште айтылып, тыңдармандардың жанына, көңіліне қонды.

Пришли неизвестно откуда,
Уйдём неизвестно куда.
Последняя выбита ссуда
На смутные эти года…

Поэтикалық дарыннан басқа, Бақытжан Мұсаханұлы Канапьянов – аудармашы, прозашы, сценарий жазушы, режиссер, баспашы. Өз қызметінде ол дарынды әрі табысты.

Кеште Б. Канапьяновтың өлеңіне жазылған әндер «Родной очаг» (белгісіз орындаушы) және «Документальный экран» (музыка авторы және орындаушы Владимир Холманских) айтылды, сценарийдің авторы болған «Абай. Өмірі мен шығармашылығы» («Қазақфильм» киностудиясы, 1983 ж.) деректі фильм көрсетілді.

Бақытжан Канапьянов талантының барлық қырларын бір әдеби кешпен қамту қиын. Ол заманауи қазақ және әлемдік әдебиет пен өнерде Феномен екені сөзсіз.