«Эти песни в колыбели матери нам пели»

Рухани келісім күніне «Шафердің музей-үйінде» «Мотивы колыбельных песен в поэзии Павла Васильева» музейаралық жоба ұсынылды.

Педагогикалық және музыкалық колледждің шәкірттері әлемдегі халықтардың бесік жырларымен танысты.

Бесік жырлар көне халық шығармашылығынан шыққан. Олар өзінде пұтқа табынушылық нанымына шейін халық фольклорын сақтайды.

Іс-шарада қазақ халқының бесік жырлары, ұлы Поль Робсонның орындауында мексикалық бесік жыр айтылды, ал батырдың бесік жырын алтай әншісі Наган Шумаров орындады.

Исаак Дунаевскийдің музыкасына жазылған «Цирк» кинофильмінен ең интернационалды бесік жыры өзге тілдерде айтылса да, бесік жырларының әуені ұқсас екенін дәлелдеді.

Еврей халқының бесік жырларының бірі Наум Григорьевич Шафердің естелігі бойынша «Бессарабия – край родной» музыкалық жинағынан Светлана Немолочнованың орындауында айтылды. Дәл осы «Колыбельная бабушки Инды» бесік жырында балаға ертеңгі күні, оның болашағы және өмірлік қиындықтардан қорғау, оны өмірлік білгірлдікке үйрету туралы айтылған.

Өйткені, әжелер, ата-аналар, бала күтушілер бесік жырын орындағанда, өз дауысынан шыққан музыкалық желіден баланың «жанын тоқиды».

Павел Васильевтің «Егорушке Клычкову» поэмасындағы бесік жырларының ырғақтары туралы «Павел Васильевтің музей-үйінің» директоры Закия Саясатовна Мерц айтып берді.

Туғандары өз балаларына айтатын бесік жырлардан адамзаттың біріктіруші рухани негізі басталады, бейбітшілік пен жақсылық, құрмет және қызуғышылық, сенім және төзімділік тілегі – міне мәдени келісімнің басты белгілері.

«Сны ведь снятся неспроста,

На заре роса чиста,

Бродит по росе мечта,

Пусть она найдётся,

Явью обернётся».

«Романс о влюблённых» кинофильмінен, музыкасы Александр Градскийдікі, өлеңі Наталья Кончаловскаянікі, осы бесік жырымен біздің музейаралық жобамыз аяқталды.