«Моим стихам всегда будет хорошо»

Славян мәдениет орталығының жанындағы Анастасия Цветаеваның музейі және «Шафердің музей-үйі» бірлесіп, Марина Цветаеваның 124-жылдығына арналған ақынның поэзия сағатын өткізді.

Марина Цветаеваның өлеңдері аудиожазбада Маргарита Терехова, Антонина Кузнецованың орындауында айтылды.

Поэтикалық мерекеге келген қонақтар да өздері ұнататын ақынның өлеңдерін оқыды.

Наталья Млынцева Марина Цветаеваның сіңлісі Анастасияға арналған өлеңдерін оқыды.

Нина Андреевна Мазина өмірдің қиын сәттерінде Марина Цветаеваның шығармашылығы көмектескені туралы айтып, 1920 жылдары Мәскеу қаласы Борисоглебский тұйық көшесі, №6 үйде жазылған ақынның өлеңдерін оқып шықты. Қазіргі уақытта осы жерде «Марина Цветаеваның музей-үйі» орналасқан.

Сондай-ақ, іс-шарада Марина Цветаеваның шығармашылық мұрасы бойынша аудио- және бейнежазбалар айтылды. Әр жылдары А. Цветаеваның музейіне Петрозаводскийден Ларцеваның жеке мұрағатынан Анастасия Цветаваеның орындауында Маринаның өлеңдерін оқу жазбаларымен 1974 жылы Омбы қаласынан музейдің жолдасы Юдинадан В. Хлебников және М. Цветаеваның «Два портрета» өлеңдеріне А. Журбин дискісінің компьютерге сақтауға және пайдалануға жарамды жазбалар түсті. Іс-шараға қатысушылар Жанна Рождественскаяның орындауында «Кто создан из камня» және «У меня в Москве – купола горят» өлең жазбаларын тыңдады.

Ал М. Цветаеваның «Молодость» өлеңі екі нұсқада: А. Мажуковтың музыкасына Людмила Гурченконың орындауында және павлодарлық ақын, «Серебрянные струны» авторлық ән клубының мүшесі, Славян орталығы басшысының орынбасары Людмила Бевзтің музыкасына Елена Юсупжанованың орындауында айтылды.

Осылай әннен әнге, өлеңнен өлеңге Марина Цветаева хаттарында жазған әңгіме жалғасты: «...это одно из самых глубоких и тонких наслаждений в жизни: отдаёшь лучшее – душу, берёшь то же взамен, и всё это легко, без трудности и требовательности любви».

Марина Цветаева жас кезінен ғасыр, дәуірлермен ойлады.

«Моим стихам, как драгоценным винам, настанет свой черёд...».

Оның шығармашылығы әлі күнге дейін адамдарды немқұрайлы қалдырмайды. Ол өзінің әлеміне өз жанымен мәңгілік роман бейнесін електіреді.

Кішігірім «поэтикалық марафонға» Нина Новосельцева, Людмила Бевз, Лидия Прохорова, Наталья Гайдук қатысты.

Ирина Маринец м. Цветаеваның өлеңіне жазған «Вчера ещё в глаза глядел» әнін ұсынды.

Қаламыздың, музейіміздің қонағы, Теміртау қаласынан ақын Татьяна Ромашихина Борис Пастернак және Марина Цветаеваға өзінің арнау өлеңдерін сыйлады.

Марина Цветава поэзиясының әрбір жолы жалынды, одан кейін дауылмен әкетеді.

Поэзия сағаты елеусіз өтіп, қатысушыларды «Серебрянные струны» авторлық ән клубының концертінде жаңа кездесулер күтті.

Ал Галина Беседина және Сергей Тараненконың орындауында (аудиожазба) Марина Цветаеваның өлеңіне жазылған Микаэл Таривердиевтің «Мне нравится» әні кездесуімізді қорытындылады.