«Қазақстанның энциклопедиясы» ғаламтор-жобасы

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» 4-бағытын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен цифрлық технология саласында жаңа бірегей өнім «Қазақстан – Ұлы дала елі» цифрлық қосымша дайындалып ұсынылды.

Осы жоба «Қазақстанның энциклопедиясы» ауқымды ғаламтор-жобасын құру бойынша 87-қадамы аясында басты мақсаты - шетелдің әр азаматына және туристтерге елімізбен танысуға көмек құрал ретінде Елбасының тікелей тапсырмасын орындау болып табылады.

Қосымша ауқымды тақырыптарды қамтитын, 10 бөлімнен тұратын цифрлық энциклопедия болып табылады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар. Экономика, туризм, Астана және ЭКСПО-2017.

Жобаның жоғары отаншылдық әлеуетін және еліміздің халықаралық беделі үшін маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ауқымды ақпараттық кампанияны ұйымдастыру бойынша ұсынысын қолдауды жөн деп санаймыз.

Жоба туралы толық ақпаратты (madeniet.pavlodar.gov.kz) веб-сайтта білуге болады.