Туған ошақтың отбасылық дәстүрлері

«Шафердің музей-үйінде» Қазақстан Республикасында отбасы күніне орай №17 балалар бақшасының тәрбиеленушілері қазақ отбасыда сәби жастан бастап мектеп бару уақытына дейінгі салт-дәстүрлерімен танысты.

Балалар орыс және қазақ фольклорынан бесік жырлармен танысты.

Ресейдің Владимир облысы Александров қаласынан келген қонақ Эльвира Борисовна Калашникова өзінің отбасында балаларға туған күндеріне қандай мерекелер ұйымдастыратынын айтып берді.

Павлодарлық ақын Ольга Николаевна Григорьева жанұясындағы бір дәстүр туралы айтып берді. Жеңіс күні Ұлы Отан соғысы жылдары Отанды қорғаған ата-анасының соғыста түскен олжаларын, наградаларын алады. Балалар бақшасының тәрбиеленушілері де әскери бинокольде ұстап, одан өздерінің болашақтарын «алыстан» көруге ұмтылды.

Сонымен қатар, балалар өз отбасыларының «фотосуреттерін» салды. Бәріміз бірге мейірім, махаббат және сұлулық көп нағыз отбасылық альбомды қарадық.

В семейном кругу мы с вами растём,

Основа основ - родительский дом,

В семейном кругу все корни твои,

И в жизнь ты входишь из семьи!

В семейном кругу мы жизнь создаём,

Основа основ - родительский дом!