«Уақыттарды байланыстыраушы желі»

 

«… И пролетело пять десятков лет.

Мы в Кокшетау ищем давний след Цветаевой.

Той седовласой, младшей.

Где дом, в котором с внучкою жила?

Где та дорога по которой шла?»

(О. Григорьева)

50 жылдан кейін жазушы Анастасия Ивановна Цветаева шығармашылығының әуесшілері мен жақтаушыларын тағы бір жол Көкшетау қаласына әкелді. Сонда 2016 жылғы 19 шілдеде қаланың Тарих мұражайында А. Цветаеваның Көкшетауда болған кезіне арналған экспозиция ашылды.

А. Цветаеваның кіші немересі Ольга Андреевна Трухачёвадан түскен экспонаттар жазушының құрбысы, кеңес уақытының қоғамдық қайраткері В. Куйбышевтің анасының үйінде орын тапқаны есте қаларлық жағдай болды.

Елена Владимировна Куйбышева ұзақ уақыт бойы ұлының Мемориалды мұражайында директор болған.

Осы жерде Кокчетав қаласының Чапаев көшесіндегі үйде 1966 жылы Анастасия Ивановна Цветаева Елена Владимировнаның немересі Вениаминге ағылшын тілінен сабақ берді.

«Это было 28 июля 1966 года. Мне 72 года. __Старые дома и холмы, высоко над озером Копой. __ на Чапаевской улице = маленький дом… За воротами спуск улицы вниз, и там, верстах в полутора, синяя полоса озера», - деп, А. Цветаева «Моя Сибирь» кітабына енген «Старость и молодость» повесінде жазған.

«…ежедневно хожу в дом Куйбышевой»

«Валерьян стоит в рост перед домом, где он жил, бегал мальчиком, не ведая, что тут будет музей его имени, и он встанет в бронзовый рост…»

Сол үй де, сол ескерткіш те жаңа музейлік экспозицияны қабылдады.

Көрменің ашылуы салтанатында ақын, публицист Рена Жуманованың басқаруымен Көкшетау қаласында шығармашылық зиялылардың бастамаларын қолдаушы, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Букихановна Бурбаева сөз айтты.

Рена Клышевна қаламыздың музейінде кездесулердің бірінде өзінің Көкшетау қаласында А.И. Цветаеваның шығармашылық мұрасын зерттеу бойынша тағы да бір орталықтың ашуын армандады.

«Три месяца - и семьдесят страниц.

Здесь десять лет ещё меня не будет.

Благая удалённость от столиц,

Нить времени, переплетенье судеб…»

А.И. Цветаеваның арнау өлеңінен Рена Клышевнаның осы тармақтары көрменің ашылуында айтылды.

Маргарита Трухачеваның студенттік құрбысы Любовь Александровна Науменко Анастасия Ивановнамен кездесулері туралы өзінің естеліктерімен бөлісті.

Әдебиеттанушы, Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Ольга Николаевна Тимофеева Е.В. Куйбышева сыйлаған, «Воспоминания» кітабында А. Цветаеваның қолтаңбасының көшірмесінің музейге сыйлады.

Кеш бойы Ақмола филармониясы оркестрінің орындауында Цветаевалар отбасы жақсы көрген музыка ойнады.

Облыстық филармонияның әртістері Махаббат Мухамеджанова және Алибек Акмалишев кештің қатысушыларына М. Таривердиевтің музыкасына жазылған Марина Цветаеваның «Мне нравится, что вы больны не мной…» өлеңін сыйлады.

Ақмола облыстық орыс драма театрінің актрисасы Елена Лукьянованың орындауында Марина және Анастасия Цветаевалардың, павлодарлық поэтесса Ольга Григорьеваның өлеңдері айтылды.

Көрменің ашылуына «Нұр Отан» партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Мадешұлы Бекмағамбетов және «Әлем әйелдерінің достық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның татар және башқұрт ассоциацияның вице-президенті, Қазақстан халықтары ассамблеясының жанындағы аналар кеңесінің төрағасы Яннат Асхатқызы Низамутдинова қатысты.

Музейлік экспозияны ашу бойынша бастамашыл топтың жұмысы Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшісінің Ресей ынтымақтастығының ғылым және мәдениет орталығының алғыс хаттарымен белгіленді.

Павлодарлық поэтесса, Марина Цветаева атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Ольга Григорьеваға «Әлем әйелдерінің достық орталығы» қоғамдық бірлестігінің «мәдениаралық сұхбатты нығайту және дамыту аясында адал қызметі үшін» алғыс хаты берілді.

«Шафердің музей-үйі» Көкшетау қаласының Тарих мұражайында музейлік экспозицияның ашылуына орай Марина және Анастасия Цветаеваларының шығармашылығы бойынша компьютерде пайдалануға және сақтауға жарамды күйге келтірілген аудиожазбаларды дайындап, сыйға тартты.

«О, я нашла Цветаевой следы -

Не на горе, не в зеркале воды,

но в голосах божественно красивых!

И пусть её душа пребудет тут

на долгий век! Пока ещё поют

Стихи Марины и Анастасии»

(О. Григорьева)

Көкшетау қаласының Тарих мұражайында музейлік экспозицияның ашылуы салтанатына қатысушыларға директор Ботагөз Жакенқызы Габдуллина экскурсияны өткізіп, «Анастасия Цветаева в Кокшетау» булетін сыйлады.

Мәдениаралық байланыс және сұхбат қазақстандық жерде жалғасын табады.

«Главное в этом направлении - разглядеть, расслышать и сберечь тот ручеек, который пересекает времена и границы, делая всех нас людьми одной планеты, тем самым единством в многообразии… Я очень рада, что «последний луч Серебряного века», как называют Анастасию Цветаеву, заблистал и в г. Кокшетау. И я надеюсь, что этот луч когда-нибудь зажжёт первый цветаевский костёр на кокшетауской земле,» - деп ақын Рена Жуманова өз сөзінде белгіледі.

Әріптестерімізге, Көкшетау қаласы Тарих мұражайының қызметкерлеріне А.И. Цветаеваның шығармашылық мұрасын зерттеуде жаңа қызықты ашылымдар, әйгілі кездесулер мен жемісті зерттеу жұмысы тілейміз.

Корешкова Т.С.