«25 Шілде»

 

Дәстүр бойынша осы күні «Шафердің музей-үйінде» композитор Исаак Дунаевский мен театр және кино актері Владимир Семёнович Высоцкийдің шығармашылығын музыкалық сағатпен еске алып, сол туралы әңгіме құрылады.

Биылғы жылы 25 шілдеде сағат 16.00-де дүйсенбі күні Дунаевскийдің ескірмейтін күн шуақты музыкасы мен Высоцкийдің әрқашанда заманауи өзекті әндердің жақтаушыларын қонаққа шақырамыз.

Наум Григоьевичке сыйлаған Золотухиннің «Науму Григорьевичу Шафер! Храни Вас Бог! 14.03.2002» сый жазбасымен «Всё в жертву памяти…» кітабы бойынша Владимир Высоцкий мен Таганкада театр актері Валерий Золотухиннің достығы мен шығармашылығының кейбір үзінділерін біліп аламыз.

Наум Григорьевич, әдеттегідей, жиналған қауымды өзінің фономұрағатынан эксклюзивті жазбалармен қуантып, Валерий Золотухинмен кездесу естеліктерімен бөліседі.

Жуырда музейге жыл сайын Высоцкийді еске алу Бүкілресейлік фестивалі өтетін Волгоград қаласынан В.С. Высоцкийдің шығармашылығын жақтаушыларынан және Воронеж облысы Лиск қаласынан Иван Обуховтан хаттар келді.

Дунаевский мен Высоцкийді еске алу музыкалық сағатына әрбір қатысушы жақсы көңіл-күйде болатынына сенеміз.

Дуаневскийдің күн шуақты музыкасы және Высоцкийдің әлеуметтік-философиялық әндер осы күні уақыт пен өзі жайлы еске түсірсін.

Корешкова Т.