БАРИТОН ПАТШАСЫ

2016 жылғы 04 шілдеде опера әншісі, актер, КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ СРО Мемлекеттік сыйлық иегері, Социалистік еңбек ардагері Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтің 90-жылдығы атап өтіледі.

Оның алтын дауысы жер шарының көптеген бұрыштарында естілді. Оны «қазақ әнінің елшісі» деп атаған.

«Ол қазақ әнді фракке кигізді». Осыған әнші былай деп жауап берді: «Мен оны «алтындаған» жақтауды жамылдырдым. Ол осыған лайықты».

Қазақстанның алтын дауысы Ермек Серкебаев Наум Григорьевич Шафердің бірегей топтамасында ұсынылған күйтабақтардың дыбыстық жолақтарына түсірілген.

Олардың ішінде әнші 1996 жылы Павлодара концертпенен келген уақытта қолтаңбасын қалдырған күйтабақ та бар.

Әншінің 90-жылдығына орай «Шафердің музей-үйі» 1973 жылы 30 қыркүйекте Павлодарда Металлургтардың мәдениет сарайында өткен Алма – Ата қаласының Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрі әртістерінің концертінің бірегей аудиожазбаларын ұсынды.

Концертте 43 жыл бұрын Сауле Құрманғалиева, Александр Басенко, Лариса Штанько, Михаил Дейченко, Виталий Орленин, Роза Джаманова, Қайрат Мажукеев, Владимир Опфер и Ермек Серкебаев қатысты.

Ермек Серкебаевтің орындауында қазақ халық әндері, «Айсұлу» операсынан ария, «Севильский цирюльник» айтылды.

Басында, жинаққа тек Ермек Серкебаевтің орындауындағы нөмірлерді ұсыну ойы болған еді, алайда концерттегі атмосфера жазбаны толық сақтау керек деген ойға әкелді. Бүгінгі тындарман көрермен залының «дем алуын» сезіп, тыңдап, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрі әртістерінің ұмытылмас дауыстарын естісін деп осы жазбаларды сақтаған.

Ермек Серкебаевтің рухани аристократтығы мен көз тартарлығы бүгінгі күні де Наум Григорьевич Шафердің қайран қалдырады.

Тағдыр оған әйгілі опералық әншімен бірнеше тамаша кездесуде сыйға тартты. Аспирантурада оқып жүргенде, Наум Григорьевич Ермек Серкебаевпен кездескенде, Эдуард Медведкиннің өлеңіне «Снежное танго» өзінің музыкалық туындысының ноталарын оған табыс етті. Осы туынды Ермек Серкебаевпен бірнеше рет орындалды, республикалық радио бойынша ойнатылды, алайда, өкінішке орай республикалық мұрағаттарда оның фоножазбалары жоқ. Алайда, Наум Григорьевичтің жеке мұрағатында осы туындының ноталары сақталған.

Музейдің концерт залында 2016 жылғы екінші жартылдықта музыкалық кештердің бірінде осы туынды айтылады деп үміттенеміз, алайда басқа әншінің орындауында.

Ермек Серкебаевтің орындауындағы 1973 жылғы магнитофон лентасында сақталған және «Ермек Серкебаев Павлодарда» жаңа музейлік музыкалық жинаққа енген опералық өнердің «Үздік Фигаросы» әнші, әртістің мерейтойына біздің музыкалық сыйлығымыз болады.

«…никто не превзошёл Серкебаева по красоте, по яркости исполнения партии Фигаро» (Молодов).

Қазақстанның алтын дауысы көптеген қазақстандықтардың жүректерінде әлі көп жылдар бойы айтылады, оны еске алады, оған бұрынғыдай сүйсінеді.