«…А мне без песен в поле тесно»

Алтай өлкесінің Косиха селосында ақын Роберт Рождественскийдің отанында міне оныншы рет өлкелік поэтикалық оқулар өтті.

Бірінші Рождественский оқулары 2007 жылы «Роберт Рождественский – Косихинская жерінің ақыны» әдеби-музыкалық кеш нысанында өтті. Осы оқулардың бастаушылары Роберт Иванович Рождественскийдің поэзиясын және дарынын жақтаушылар болды.

2008 жылы Косиха селосының аудандық кітапханасында ақынның әндік шығармашылығына арналған «Мгновения, мгновения, мгновения…» әдеби-музыкалық кеш өтті.

Жылдан жылға конкурстар, фестивальдер кеңінен өткізіледі.2009 жылы ақынның әндері мен өлеңдері кеңістікке шығып, Махаббат жары деп аталатын Алтай өлкесінің қызықты жерінде айтылды.

Бүгінгі күні де осы жер Роберт Рождественскийдің шығармашылығын жақтаушыларды поэзия және ән мерекесіне жинайды.

2009 жылы осы тамаша мерекеге Павлодар қаласынан қонақтар «Шафердің музей-үйі» директоры Т.С. Корешкова және павлодарлық ақын Ольга Николаевна Григорьева қатысты. «Надо собственною жизнью доказать свои стихи» поэтикалық фестивальда Ольга Николаевна Роберт Рождественскийге арналған өзінің өлеңдерін оқыды.

Бесінші Рождественский оқуларында Роберт Рождественский атындағы бірінші муниципалдық сыйлық берілді. Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин «Орфей великой эпохи» кітабының авторлары Хакасиядан Нина Сипкина және Валерия Прищепаға бірінші сыйлықты берді.

Бесінші оқуларда Алтай өлкесінің губернаторының бастамасы бойынша Косиха селосында ақынның өлкетану және мемориалды музей орналасқан Роберт Рождественский атындағы жастардың отаншылдық тәрбие орталығы ашылды.

Жыл сайын фестивальде «Песни главные есть в судьбе любой» Роберт Рождественский атындағы ауданаралық фестиваль нәтижелері қорытындылауы өткізіледі.

Роберт Рождественский атындағы әдеби сыйлық өлкенің губернаторымен екі жылда бір рет беріледі.

Оныншы мерейлік фестивальде үшінші сыйлық берілді және алдындағы лауреаттардың туындылар жинағы ұсынылды.

Жинақтар өлкенің полиграфиясында басылды.

Жыл сайын география кеңейіп, ақын Роберт Иванович Рождественский өте әдемі және көпдауысты туған өлкесі жаңа ойлармен, ниетпен, авторлар мен орындаушылардың дарындарымен көбейеді.

«Мой родимый край, место отчее,/ Ты и праздник мой и броня/ Память общая, и песня общая/ У земли моей и у меня». (Роберт Рождественский)

 

Биыл «Шафердің музей-үйі» Алтай өлкесінде поэзияның дәстүрге айналған мерекесіне қатысты.

Музей мерейтойға музей фонотекасының материалдары бойынша Роберт Рождественскийдің өлеңіне «Всё начинается с любви» және «Моей стране…» өлеңдерінің музыкалық жәдігерлік – жинағын дайындады. Шығармашылық кештер мен концерттік іс-шаралар барысында осы жинақтар Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлинге және өлкелік рождественский оқуларына бірінші рет келген өлкенің құрметті қонағы ақынның үлкен қызы Екатерина Робертовна Рождественскаяға сыйға берілді.

Өзінің сөзінде Махаббат жары – іс-шараның өткізілетін жерінің символдығын атап кетті: «в красивом месте – Яр Любви, где всё делается и все делают, творят добро с любовью. Именно такая атмосфера любви и понимания была между моими родителями»

Роберт Рождественскийдің мемориалды музейіне барғанда Екатерина музейдің мазмұнды экспозициясын толықтыратын ақынның жеке заттарын, плакаттар, тегене, телефон және көптеген басқа заттарды музейге тапсырды.

«Шафердің музей-үйі» музейге музыкалық жәдігерлік пен Ольга Григорьеваның «Пела скрипка» поэтикалық жинағын, Марина Цветаева, Евгений Евтушеко, Ольга Григорьеваның «Поэзия в сердце моём» өлеңдерінің Қуаныш Шайзадиновтың мемлекеттік тілге аудармаларын сыйға тартты.

Роберт Рождественскийдің поэзия мерекесінде бәрі дем алды, өлең айтты.

Оның барлық шығармашылығы адамдарға, өлкеге және ақын өмір сүрген, өлең жазған уақытқа деген махаббатпен толы болды.

Роберт Рождественскийдің поэтикалық жолдармен ұрпақтардың жадында көп жылдар бойы сақталсын. «Мы – долгое эхо друг друга…»

Роберт Рождественскийдің өлеңдері бізге ақылды, дана және мейірімді болуға көмектеседі.