Дәстүр бойынша 22 маусымда «Шафердің музей-үйінде» ұрпақтардың: қалалық ардагерлер кеңесінің белсенділері, әскери уақыттың балалары, жас ұрпақтар және Ұлы Отан соғысының сұрапыл уақыты туралы еске алушылардың кездесуі өтті.
Кеште Илья Эренбург, Константин Симоновтың әскери лирикасы, Юрий Левитанның ұмытылмас дауысы, Булат Окуджаваның өлеңдері айтылды.
Экранда Қазақстанда Отанды қорғауға өз еркімен келгендерді әскерге алу туралы әскери хрониканың кадрлары ұсынылды.
Қазақстаннан майданға бір миллионнан аса адам аттанды. Бұл Республика халқының жиырма пайызына жуық. Олардың ішінде әрбір екінші қайтыс болды немесе хабарсыз кетті.
Сол сұрапыл соғыстағы өзінің батырлары, Отан қорғаушылары туралы Павлодар қаласының №3 гимназия оқушылары Альвина және Адина Сулейменовалар, олардың әжесі Валентина Валентиновна Филатова айтып берді. Міне екінші жыл Сулейменовтар – Филатов – Гузей отбасылары Жеңіс күнін Мәскеу қаласында Тағзым ету тауында әскери даңқ музейінде атап өтеді. Олардың арқасында Ұлы Жеңістің 65-жылдығы және 70-жылдығына шығарылған «Подымайся, чудо-Родина!» және «Вечная слава героям» музейлік жинақтары Тағзым ету тауындағы музейге тапсырылды.
«Соседушки» ансамблі (басшысы Ковеня Вера Николаевна) әскери уақыттағы өлеңдерді орындады.
«Серебряные струны» авторлық ән клубының мүшелері Константин Симонов пен Земфира Галеева «А мы войны не знали» (муз. Коннердікі, сөзі Ивановтікі) өлеңін орындады.
Ұлы Отан соғысының басталуына және қайғының 75-жылдығына орай Светлана Немолочнованың орындауында павлодарлық авторлар Сергей Чикин және Лариса Лобченконың «На полях сражений тишина» өлеңі де тыңдалды.
Осындай іс-шараларда Ұлы Отан соғысының әйгілі өлеңдердің айтылуы дәстүрге айналды. Олардың ең бастысы - «Священная война» өлеңі (муз. А. Александровтікі, сөзі В. Лебедев-Кумачтікі).
Осы өлеңмен Отанды қорғауға аттанған сарбаздарды шығарып салды. Өлең бір сарбаздық қатарда 1413 күн адымдады. Соғыстың бесінші күні – 1941 жылғы 27 маусымда - осы өлең алғашқы рет Мәскеу қаласының Белорусс сапаржайында айтылды. Бүгінгі күні де осы өлең, 75 жыл бұрын өтсе де, бізге қорқынышты және Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінің маңыздылығын жеткізеді.
Сол уақыттағы өмір туралы естелік әрбір үйде, сол сұрапыл жылдарды өткізген әрбіреудің жүрегінде, туыс-жақындардың жүрегінде, жұлдызы бар әрбір мола төбешігінде сақталған.
Іс-шарада Павлодар қаласының №6 мектептің «Зазеркалье» театральды студиясы (жетекшісі Светлана Булер) Борис Васильевтің повесі бойынша «А завтра была война» спектаклінің үзінділерін ұсынды.
Отанды қорғап қаза болғандарды еске алуға өлеңдер мен әндер айтыла берсін.
Балалардың дауысы өмір жалғасатынын білдіреді.
«Құтқарылған әлем еске алады».