«Бір әннің қаһарманы»

«Шафердің музей-үйінде» «Бір әннің қаһарманы» музыкалық кеш өтті.

Музыкатанушы Наум Григорьевич Шафер бір ғана ән немесе әуен музыкасымен танымал болған композиторлар туралы тындармандарға көптен бері айтқысы келді. Наум Григорьевич туындылардың патефондық жазбаларын тыңдаумен барлық түсініктемелерді қоса берді.

Осындай композиторлардың бірінші қатарында Француз революциясының танымал өлеңі «Марсельеза» авторы Руже де Лиль болды. Әскери инженер, капитан Руже де Лиль француз революциясы ғана емес, Францияның да Әнұранына айналған осы әннің сөзі мен мәтінін бір ғана түн ішінде – 1972 жылғы 25 сәуірде жазған. Осындай бірегей оқиға туралы жазушы Стефан Цвейг өзінің «Гений одной ночи» новелласында баяндаған. Кеште «Марсельеза» фрнацуз тілінде ұлы орыс басы (ең жуан еркек дауысы) Фёдор Шаляпиннің орындауында айтылды.

Әрі қарай Наум Григорьевич Шафер «Интернационал» дана өлең туралы өзінің әңгімесін жалғастырды. Музыка авторы – Лиллядан француз Пьер Дегейтер, ол музыканы жақсы көріп, музыкалық білім алған жұмыскер болған. 1871 жылы қала мэрі Гюстав Делоридің өтініші бойынша Эжен Потьенің сөзіне музыка жазған.

Мексикалық музыкант, 19-ғасырдың композиторы Хувентино Росас 26 жыл ғана өмір сүрді, алайда «Над волнами» тамаша вальспенен музыка тарихында сақталған. Осы өлеңді автор 16 жасында 1884 жылы шығарған.

«Дунайские волны» вальсінің авторы ршығу тегі серб, румын композиторы Ион Ивановичи болып табылады. Капельмейстер бола тұра, соңында әскери оркестрі үшін музыка шығарды. Ивановичи полкі 19-ғасырдың 80-жылдарының соңында Дунай жағасындағы қалада пәтерлерде орналастырылды. Дәл осы жағдай Ионды «Дунайские волны» ең танымал вальсті жазуға себеп болды. Кештегі вальс Е. Долматовскийдің сөзімен Леонид Утёсовтің оркестрмен орындауында (1945 жылғы жазба) патефон күйтабағында ойнатылды.

Наум Григорьевич Шафер бір өлеңнің авторлары туралы әңгімесін жалғастырды. Кештің тындармандары «Дударай» қазақ халық әнің Мария Егорова шығарғаны туралы біліп алды. «Вижу чудное приволье» орыс халық әнінің композиторы - Абрам Полячек. «На сопках Маньчжурии» вальсінің музыкасын әскери капельмейстер Илья Шатров жазды, және мәтіннің бір нұсқасы да Шатровтікі. Танымал тенор Иван Семёнович Козловскийдің вальсі қойылды.

«Врагу не сдаётся наш гордый «Варяг»» өлеңі – музыкадағы бірегей туынды болып табылады. Сөздің авторы неміс ақыны Рудольф Грейнц, орысша аудармасы Евгения Студенская. Бұл ретте, Н.Г. Шафердің айтуынша, мәтінді сөзбе сөз аударғанда, аудармашы оның көркем бағалығын сақтаған, әдеби аудармада да осыны сақтау қиын. Осы өлеңнің музыкасын әскери музыкант, капельмейстер Алексей Турищев жазды. Өлең А. Александров атындағы өлең және би ансамблінің орындауында айтылған.

Режиссёр Сергей Юткевичтің «Человек с ружьём» фильміне «Тучи над городом встали» бас өлеңінен басқа музыканы ұлы композитор Дмитрий Шостакович жазды. Осы танымал әннің сөзі мен музыкасының авторы режиссёр көмекшісі Павел Арманд, фильмге осы өлеңді жазғанын мойындады. Оған Шостовичпен салыстыру келмейтінін айтты, алайда Дмитрий Дмитриевич осы әңгімені естігенде, қызығып, осы өлеңді тыңдағаннан кейін оны фильмге ұсынды. «Тучи над городом встали» өлеңі баяншылар триосының сүйемелдеуімен Марк Бернестің бірінші орындауында патефон күйтабағында (1939 жылғы жазба) айтылды.

Кеш штаб-кернейші Василий Агапкин 1912 жылы жазған «Прощание славянки» маршымен аяқталды. И.В. Петровтың басқаруымен әскери – үрмелі оркестрімен орындалуымен осы танымал марш 1944 жылғы патефон күйтабағының жазбасы екі рет қойылды. Риза болған тындармандар орындарынан тұрып, Василий Агапкиннің маршына және музыкатанушы Наум Шафердің құрметіне қол соқты.