Тарихи қайғылы жолдар

31 мамырда Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде «Шафердің музей-үйінде» келушілер Алматы қаласында өткен «Еуразиялық Еврейлік Конгресс, Қазақстан халықтары ассамблеясының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары» жинағында жарияланған топтама жинаушы, музыкатанушы Наум Григорьевич Шафердің мемуарлы очергінің «Из жизни бессарабских спецпереселенцев в Акмолинской области» үзіндісімен танысты.

Ұлы Отан соғысы жылдары ресми атауы «Интернационалды» деген Ақмола облысының 31-поселкесіндегі өмірі туралы Н.Г. Шафер баяндады.

«...1941 жылғы тамыздың соңында менің сөздік қорым «қаумалау» деген жаңа сөзбен толықты. Бүгінгі күні де, көп жылдар өтсе де, осы сөзді естігенде, қорқыныш сезіледі...»

Балаларды «аулап», қыр жаққа апарғаны туралы.

«Бірінші рет мені анам құтқарды – ол «Ол әлі кішкентай ғой! Мен сендердің көздеріңді шығарамын! Мен оның анасымын! Ол менің балам!» деп айғайлай бастады.

Екінші рет оны туған апасы Ента Темир Теляудан легенмен жауып құтқарып алды.

Үшінші рет құтыла алмадым. Бәрі де өте қарапайым болды.

Мен інілерім Кац, он жастағы Шия және бас жастағы Сами – далада городки ойының ойнап жүрдік. Ойынға елігіп, бізге арбаның қалай жақындағанын білмей қалдық... бізді қолтығымыздан ұстап алып, үлкен бөшкенің айналасына отырғызды. (Бәлкім, дәл осылай «Ит фургоны» ойынға еліккен күшіктерге білдіртпей жақындады).

Очеркте 31-поселкедегі бірінші қайтыс болған оның әжесі Инда туралы да естелік бар.

«Біз әженің төбешігінің жанына отырдық. Тым-тырыс... Әлем ашық әрі шынайы бола қалды... Біреуге ғибадат еткен жан үнсіз қалды.

- Ал біздің үйлену тойымызда әжем патефон музыкасына биледі, - деп анам айтты.

- Осыған он бір жыл ғана өткен, қалай ол тез қартайып, қайтыс болуға үлгерді?...»

Кеште он жастағы Нами Шафер Бессарабиядан Қазақстанға қоныс аударғанда, өзімен бірге ала келген әже Инданың сүйікті әуендері жазылған патефон күйтабақтары ойнатылған.

«Аргентина» тангосы Н.Г: Шафердің 80-жылдығына орай 2011 жылы өзі дайындаған «Бессарабия - край родной» жинағына павлодарлық әнші Константин Симоновтың орындауында орыс тіліндегі аудармада енген.

Павлодарлық әнші Светлана Немолочнова орындаған «Колыбельная бабушки Инды» міне бес жыл бойы тындармандарды ықыласқа бөлейді. «Колыбельная» өзінің терең ойлылығымен, жан жылуы мен махаббатымен, өз немересінің болашақтығымен көңілді босатады.

Кеште Наум Шафердің (Нами Гитиннің) тағы бір әні – А.И. Шиллер атындағы хор әншісі Валентина Соникова орындаған «Клятва дружбы в ссыльном городке» әні ойнатылды. Осы әнші Наум Григорьевич Ақмола облысының 31-поселкесінде танысқан жас кезіндегі жолдастары – ингуш Хаджи-Бакир Банхаев пен неміс Бруно Локкоға арнаған.

Сондай-ақ, кеште Теміртау қаласының «Магнит» әдеби қоғамдастығының авторлары Ольга Воротынская мен Татьяна Дубовскаяның өлеңдері де айтылған.

Мемуарлы очерктің авторы Н.Г. Шафер келгендерге ықыластары үшін, тарихи оқиағаларды еске алғаны үшін ризашылығын білдіріп, кешті қорытынды сөзімен аяқтады.